«Астана» жыл соңында «Ақтөбемен» өз алаңында екі мәрте қос кездесуден өткізеді

22.12.2021, 18:30    Оқылғаны: 192
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы Ұлттық лига аясында «Ақтөбемен» өз алаңында екі мәрте қос кездесуден өткізеді. Өйткені, қызыл-ақ жейделілермен түзде өтетін екі ойын астанаға ауыстырылды. Матчтар 23, 24 және 26, 27 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Бастапқы екі ойын мен соңғы матч, астана уақытымен 19:30-да, ал жексенбідегі ойын 15:00-да басталады. Төрт матчқа да кіру – тегін.

! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР — Барлық жанкүйерлерден Өз алаңымызда өтетін матчтарға кіру Ережелерімен мұқият танысып шығуларыңызды өтінеміз. Аренаға тек Солтүстік есіктен ғана кіруге болады (Орынбор көшесі жағынан, жанармай бекетіне қарама-қарсы).

«Ақтөбе»
 – Қазақстанның ерлер арасындағы баскетбол клубы, Ақтөбе қаласынан. 2017 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының Жоғары лигасы жеңімпазы: 2018/2019


Ақтөбе баскетбол клубы 2021/2022

Команда құрамы: Былтырғы маусымда “Ақтөбенің” құрамында ойыншылар біршама көп болған. Биыл солардың жетеуі ғана команда сапында қалды. Командадан шетелдік ойыншыларының бәрі кетті  – Митчел Табет, Кент Хансон, Владислав Гусак, Эмир Азизов және Бахтиер Насриддинов. Соңғысы “Каспий” құрамына ойысты. Ал Қазақстан ойыншыларынан Азим Ягодкин, Айдархан Тоқтаров, Роман Греков, Никита Лытых, Никита Федченко және Руслан Тренин кетті. Былтырғы маусымнан қалғандар – Сергей Борматенков, Василий Петришинец, Александр Евдокимов, Александр Папшив, Бақыт Маханалин, Богдан Лащ және Станислав Рововой. Бірақ Рововой да маусым басталған соң командамен қоштасты. “Тобылда” өткізген екі маусымынан соң командаға Константин Двирный қайта оралды. Антон Пономарев қайта сабақтаған карьерасын “Ақтөбеде” өткізіп жүр. Сонымен қатар, маусым басында команда құрамына екі жас ойыншы тіркелді – Данил Рудометкин және Байназар Омаров. Екеуі де былтырғы маусымда фарм-командада ойнаған. Бірінші ойынның қарсаңында команда сапына екі ойыншы қосымша өтініммен тіркелді – қазақстандық Арсен Телеуов, ол команда жаттықтырушысы қызметін де қоса атқарады және америкалық ойын үйлестіруші Далвин Хоуг, ол бұған дейін Арменияның “Гюмри” командасында ойнаған. Сәл кейінірек командағы тағы бір америкалық қосылды – шабуылшы Давриус Райт. Ал желтоқсан айында “Ақтөбе” сапын ресейлік үш ойыншы толықтырды – еңгерзедей шабуылшы Александр Тихонин – ЦСКА түлегі, соңғы маусымдарды Ресейдегі “МБА” және “ТЕМП-СУМЗ-УГМК” командалары сапында өткізген. Плеймейкер Борис Назмутдинов кезінде Қазанның УНИКС клубының екінші командасында ойнаған, сондай-ақ “Уфимец” және “Купол-Родники” командаларында өнер көрсеткен. Шабуылшы Иван Белоусов өткен маусымдарда ВТБ Жастар лигасындағы “Зенит-2” сапында ойнаған. Тағы бір қосымша өтініммен былтырғы маусымда жергілікті екінші командада ойнаған, қазақстандық жас ойыншы тіркелді – Бибарыс Айтқұлов.

Бас бапкер: Елді елең еткізер, ең басты өзгерісі жаттықтырушылар құрамында жүзеге асты. Биылғы маусымда команданың бас бапкері болып, өткен жылдардағы ең тәжірибелі баскетболшы қыздардың бірі Элен Шакирова бекітілді. Элен – Олимпиада чемпионы, Еуропа чемпионы. Еуропаның екі дүркін күміс және бір рет қола жүлдегері болған. “Атис”, ЦСКА, “Динамо Мәскеу”, “Балтийская Звезда”, “Вологда-Чеваката”, “Надежда” және “Энергия” сынды кеңестік және ресейлік командаларда ойнаған. Өз карьерасының ортасын шетелдік командаларда өткізген: “Валансьен-Орши” – Франция, “Лотос Гдыня” – Польша және “Гамбринус Брно” – Чехия. Сонымен қатар, әйелдер арасындағы NBA-да, “Хьюстон Кометс” сапында өнер көрсеткен. Жаттықтырушы өтілін “Динамо Курск” клубында бастаған. Сондай-ақ, Ресейдің “Инвента” және Польшаның “Энергия” командаларын жаттықтырған.

Турнир кестесіндегі жағдай: “Астана” турнир кестесінде жеке-дара көш бастап келеді: 8 ойын – 8 жеңіс. Ал “Ақтөбе” 10 ойын өткізіп, тек 4 матчта ғана жеңіске жетті. Әйтсе де, осы көрсеткішімен үшінші орынды иеленіп тұр. “Ақтөбе” биылғы маусымда “Тобылға” екі мәрте есе жіберіп, “Атырау Барыстарын” бір ойында жеңіп, үш рет ұтылды. Ал “Каспийді” керісінше, үш рет ұтып, бір матчта ұтылып қалды.

Команда көшбасшылары: Қызыл-ақ жейделілердің көшбасшысы – Антон Пономарев. Америкалықтар Далвин Хоуг пен Давриус Райт та ерекше көзге түсіп жүрген, бірақ бейресми деректерге сенсек, екеуі де командадан кетіп қалыпты. Сондай-ақ, ақтөбеліктердің негізін Қазақстан ойыншылары Александр Папшив, Константин Двирный, Василий Петришинец және Сергей Борматенков құрайды. Ал ресейлік жаңа ойыншылары небәрі екі ойыннан ғана өткізді, әйтсе де, Александр Тихонин, Борис Назмутдинов және Иван Белоусов үшеуі сенім үдесінен шыға білді.

Кездесулер тарихы: Екі ұжым Ұлттық лига аясында 8 мәрте, ал Қазақстан кубогында бір рет додаға түсті. Осы ойындардың бәрінде де біздің команда айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Қызықты деректер:

  • Антон Пономарев былтырғы маусымда ғана “Астананың” намысын қорғаған.


Матчтар Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Бастапқы екі ойын мен соңғы матч, астана уақытымен 19:30-да, ал жексенбідегі ойын 15:00-да басталады. Төрт ойынның да онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі.

Аренаға кіру тек Солтүстік есіктен жүзеге асырылатын болады (Орынбор көшесі жағынан, жанармай бекетіне қарама-қарсы), мына сызбаға сай:



Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»