«Астана» Қазанда қалт жіберді доптарын алыстан

14.11.2021, 23:00    Оқылғаны: 436
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубының түздегі ВТБ Бірыңғай лигасындағы турнир кестесінің төресімен, яғни Қазанның УНИКС командасымен өткен ойыны біздің жігіттер үшін маңызды сын болды. Бұл ойын аса нәтижелі болмады, әрі біздің команданың допты алыстан дөп түсіру коэффициенті өте төмен болды.

УНИКС ортада лақтырылған допты іліп алып, бірінші шабуылында-ақ есеп ашты. Біздің команда да көп күттірген жоқ – Джейлен Барфорд осы матчтағы алғашқы ұпайларын еншісіне жазды. Әйтсе де, матч басында алаң иелері көсіле сілтеді. Олар екі минуттан кейін бес ұпай айырмасымен алда тұрды. Энтони Хики кезеңнің бел ортасына дейін үш шабуылын сәтті аяқтап, Скайлар Спенсер де доп салды. Бірақ УНИКС те қарап қалмады, өз мүмкіндіктерін қалт жібермей, соның арқасында 9 ұпай айырмасымен ұтып жатты, бес минут ойын уақытынан кейін. Ал бір минуттан қазандықтар екі таңбалы сан айырмасымен алға озды. Марк Тихоненко біздің команда сапынан бірінші рет алыстан доп салып, кезең соңына дейін айып соққысы сызығынан Барфорд мергендік танытты. Әйткенмен, УНИКС бірінші онминуттықта екі таңбалы сан айырмасымен басым түсті – 26:15. Тихоненко екінші кезеңнің басында да доға сыртынан доп салды. Бастапқы бес минутта екі команда да нәтижелі ойын өрнегін көрсете алмады. Марк Тихоненкодан кейін осы бес минутта Хики мен Кэмпбелл екі ұпайдан еншіледі. Ал алаң иелері небәрі бес ұпайды қанағат тұтты. Есеп айырмасы 9 ұпайды құрады. Антонио Кэмпбелл өзінің үш ұпайлық соққысымен оны алты ұпайға дейін қысқартты. Спенсер олжалаған екі ұпайдан кейін, “Астана” есеп айырмасын төрт ұпайға дейін қысқартты. Матчтың бірінші жартысының соңғы минуттарында УНИКС тағы бес ұпай еншіледі, ал Қазақстан командасы сапынан Барфорд пен Кэмпбелл доп салды. Сөйтіп, “Астана” екінші кезеңде басым түсті. Негізінен, қорғаныста сауатты ойын үлгісін көрсетіп, азулы қарсыласының 10 ұпайды ғана қанағат тұтуына мүмкіндік берді. Десек те, жиырма минут ойын уақытынан кейінгі жалпы есепте ұтылып  жатты – 36:31.

Джейлен Барфорд

Бірінші кезеңде кежегесі кейін тартып, екіншісінде намысқа тырысып, жалпы есепте бес ұпай айырмасымен ұтылып жатқан астаналықтардың матчтың екінші жартысында да дода көрігін қыздара түсетіндіктері анық еді. Бірақ, өкінішке қарай, УНИКС үшінші кезеңнің басында біздің командадан асып түсті. Үш минуттан астам уақыт ішінде біздің команда сапынан тек Барфорд екі ұпай еншілеп, ал Спенсер айып соққысы сызығынан бір рет қана доп салды. Алаң иелері болса, осы уақыт аралығында есеп айырмасын он ұпайға жеткізді. Үшінші кезеңнің ортасына дейін Джейлен Барфорд екі рет шығыршықты дәл көздеді. Ал Максим Марчук, алаң иелеріның шығыршығы түбінде жалғыз қалғанын пайдаланып, допты үстінен салды. Әрі есеп айырмасын алты ұпайға дейін қысқартты. Алайда қазандықтар лезде есеп айырмасын екі таңбалы санға жеткізді. Антонио Кэмпбелл энд уан орындап, осы кезеңде доп салған соңғы ойыншы болды. Соңғы онминуттық алдында “Астана” 51:43 есебімен ұтылып жатты. Мұндай есеп айырмасында, әрине, жеңісті жұлып алуға болады, он минутта. Бірақ ол үшін доға сыртынан доп салу коэффициентін жақсарту керек еді. Ал біздің команданың бастапқы үш кезеңдегі бұл көрсеткіші өте теөмен болды. Соңғы кезеңнің бастапқы минуттарында екі команда екі нәтижелі шабуылдарымен алмасты. Біздің сапымыздан Барфорд пен Хики доп салды. Ал есеп айырмасы сол сегіз ұпай шамасында сақталып тұрды. Қазақстан командасының үш ұпайлық коэффициенті титтей де өзгерген жоқ. Ал ойыншыларымыз доға сыртынан мүлт кеткен соққыларын жалғастыра берді. Бұған қоса олар орта қашықтықтан да мергендік таныта алмай, доптан айырылып қалу сәттері жиілей бастады. УНИКС болса, дәл осы уақыт аралығында көсіле сілтеді. Әрі матчты аяқталуына бес минут уақыт қалғанда 20 ұпай айырмасымен ұтып жатты. Сөйтіп, бұл ойында қай команданың жеңіске жететіндігі белгілі де болды. Джейлен Барфорд екі айып соққысыни мүлтіксіз орындап, Энтони Хики алаң иелерінің қорғанысын бұзып өтіп, ал Рустам Мырзағалиев ақыры үш ұпайлық соққысын дөп түсірді. Алаңдағы дода көрігі мейілінше қыза түсіп, есеп айырмасы он үш ұпайға дейін қысқарды. Бірақ екі минут қана ойын уақыты қалған еді. Уақыт өткен сайын алаң иелерінің мүмкіндіктері арта түсті. Әрі шабуылдары да нәтижелі болып отырды. Енді, УНИКС-тің жеңіске жететіні анық еді. Кэмпбелл екі ұпай еншілеп, Мырзағалиев ойынды үш ұпайлық соққысымен түйіндесе де, бұл матчтың қорытынды есебіне әзер ете алмады. 71:59 – УНИКС жеңіске жетті.


Ең көп ұпай еншілегендер:

  • «Астана» – біздің сапымызда ең тиімді ойыншы Антонио Кэмпбелл болды, ол өз еншісіне дабл-дабл жазды – 12 ұпай, 12 рет доп қағып алды, 2 пас және 2 рет допты тартып алды. Джейлен Барфорд 16 ұпай еншілеп, 3 рет доп қағып алды, 3 пас берді. Ал Энтони Хики 12 ұпай жинап, 3 рет доп қағып алды, 6 пас берді.
  • «УНИКС» – Алаң иелерінің екі бірдей ойыншысы тиімділігі жағынан 23 балдан жинады. Марио Хезонья – 18 ұпай, 9 рет доп қағып алды, 3 пас, 3 рет допты тартып алды және 1 блокшот; Джаррелл Брэнтли – 14 ұпай, 9 рет доп қағып алды, 2 пас, 2 рет допты тартып алды және 1 блокшот.


Келесі матч: Енді «Астана» ойыншылары ВТБ Бірыңғай лигасындағы клубтық жейделерін тек үш аптадан кейін ғана киеді. Нақтырақ айтқанда, 5 желтоқсан күні Нұр-Сұлтанға Эстонияның «Калев» командасы келеді. Ал оған дейін біздің жігіттер Ұлттық құрама сапында Әлем кубогының іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді. Ұлттық лига аясындағы келесі қос кездесу өз алаңымыздағы алғашқы ойындар болады. 8 және 9 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтанға жауапты матчтарын өткізу үшін Қостанайдың «Тобыл» командасы қонаққа келеді.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»