«Астана» ел чемпионатын түзде «Атырау Барыстарын» тізе бүктіріп ашты

26.09.2021, 20:15    Оқылғаны: 265
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Ұлттық лиганың биылғы маусымдағы алғашқы ойыны Атырауда өтіп, онда біздің команда күш-жігерін соңғы жылдардағы өзінің басты қарсыласымен, яғни «Атырау Барыстарымен» таразылап көрді.

Лиганың ережелері бойынша әр матчқа біздің бапкерлеріміз ЕурАзия ЭҚ елдерінен екі легионер және басқа мемлекеттерден екі легионер шығара алады. Марк Тихоненко – Ресей азаматығымен біздің командадағы ЕурАзия ЭҚ елдерінің жалғыз ойыншысы, яғни ол үшін ел біріншілігіндегі ойындарға үнемі жол ашық. Ал америкалық ойыншылардан тек екеуін таңдап алу керек болды. Дарко Руссо бұл матчта Джейлен Бэрфорд пен Энтони Хикиге сенім артты. Дәл осы екеуі Николай Бажинмен, Дмитрий Гавриловпен және Максим Марчукпен бастапқы бестікте алаңға шықты.

Осы ойындағы, тіпті лиганың биылғы маусымдағы алғашқы ұпайларды, әрі Қазақстан чемпионатындағы өзінің ең бірінші ұпайларын «Астананың» жаңа ойыншысы Джейлен Бэрфорд еншіледі. Америкалық қорғаушы қатарынан 6 ұпай олжалады. Ал Дмитрий Гаврилов “Астана” басымдығын 8 ұпайға жеткізді. Осыдан кейін ғана алаң иелері біздің шығыршықтың “кілтін тапты“, ал бұл ойынның бесінші минуты болатын. Кезең бел ортасынан ауған сәтте Энтони Хики де Қазақстандағы алғашқы ұпайларын еншілеп, командалардың арасын екі таңбалы санға жеткізді. Бірақ бұл астана командасының осы кезеңдегі соңғы ұпайлары болып шықты. “Барыстар” да көсіле сілтей алмады, әйтсе де, есеп айырмасын сәл де болса қысқартты. Сөйтіп, бірінші кезең шектен тыс нәтижесі болып, екі команда бірлесе отырып, 20 ұпай да жинай алмады. Есеп – 6:12, “Астана” алда тұрды. Екінші кезеңнің басы да соншалықты нәтижелі болмады. Бэрфорд 2 ұпай еншілеп, Марк Тихоненко Қазақстандағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді. Әрі бірден үш ұпайлық соққысын дөп түсірді. Бұл – осы матчтағы және жалпы маусымдағы үш ұпайлық. Екінші кезеңнің ортасында “Астана” алаң иелерінің айып алаңына  орнығып, қарқынын бірден күшейтті. Біздің жігіттердің серпілісін атыраулықтар алған тайм-аут та бәсеңсіте алмады. Энтони Хики мен Марк Тихоненко ұпай қорларын молайта түсіп, Коля Бажин де олардан қалыспауға тырысты. Осылай, астаналық гандикап жиырма ұпайды жуықтай бастады. Үлкен үзіліске дейін Пан мен Щербак та биылғы маусымдағы алғашқы ұпайларын еншіледі. Ал Вадимнің үш ұпайлық добынан кейін астана басымдығы жиырма ұпайдан да асып кетті. Бірақ  матчтың бірінші жартысы аяқталғанда есеп мына сандармен тұйықталды – 20:38.



Матчтың бірінші бөлігінде ойсырай ұтылып қалса да, алаң иелері намысты қолдан бермеуге тырысып, үлкен үзілістен кейін өздеріне сенімді ойын өрнегін көрсете бастады. Бірақ “Астана” ойын тізгінін уысынан шғарған жоқ. Атыраулықтар қанша тырысса да, үшінші кезеңнің ортасында біздің команданың басымдығы қайтадан 20 ұпайға жетті. Бұл кезеңде Энтони Бэрфорд көсіле сілтеп, Николай Бажинмен бірге тағы бір серпіліс ұйымдастырды. Сөйтіп, командалар арасы 30 ұпайға дейін алшақтай түсті. Бұл кезеңнің қорытынды есебін соңғы секундта екі ұпай олжалаған Роберт Пан түйіндеді – 38:66. Соңғы кезеңге дейін 28 ұпаймен қара үзіп кеткен астаналықтар бұл ойында жеңіске жететіндеріне 100 пайыз сенімді болды. Сондықтан Дарко Руссо алаңға жас ойыншыларын шығара бастады. Төртінші кезеңнің бірінші минутынан бастап Олег Балашов алаңға шықты. Ол бұл ойында өзінің бұрынғы командаластарына қарсы ойнады. Олег басында өзіне аса сенімді болмағанымен, бірте-бірте бауырын жазып, алаң иелеріне көп қауіп төндірді. Кезең басында “Барыстар” белсенділік танытып, есеп айырмасын қысқарта бастады. Бірақ қонақтардың басымдығы 20 ұпайдан кеміген жоқ. Соңғы секундтарда Рустам Мырзағалиев пен Руслан Айтқали осы маусымдағы алғашқы ұпайларын иеленді. Әрі Олег Балашов та доп салды. “Астана” басымдығы қайтадан ұлғая түсіп, 30 ұпайға да жетті. Ал матчтың аяқталуына бір минуттай уақыт қалғанда, Дмитрий Гаврилов бүгінгі ойынның қорытынды есебін түйіндеді – 50:81.

Ең көп ұпай еншілегендер:

  • «Астана» – бұл матчта ең көп ұпай жинаған ойыншы Джейлен Бэрфорд болды – 17 ұпай және 8 рет доп қағып алды. Ал ең тиімді ойыншы – Марк Тихоненко (14 ұпай, 3 рет доп қағып алды, 6 пас, 3 рет допты тартып әкетті). Энтони Хики өзінің бірінші ойынында 12 ұпай жинады және 3 рет доп қағып алды. Ал Дмитрий Гаврилов пен Роберт Пан 8 рет доп қағып алды, әрі Дима өз еншісіне 9 ұпай жазып, Роб 8 ұпай қосып, 3 пас берді.
  • «Атырау Барыстары» – алаң иелері сапында Беларусь елінің еңгерзедей шабуылшысы Денис Викентьев үздік болды. Ол 15 ұпай жинап, 8 рет доп қағып алды. Америкалық Джордан Уатсонның еншісінде – 11 ұпай, әрі 5 рет доп қағып алып, 4 пас берді.


Келесі матч: «Атырау барыстарымен» өтетін екеуара екінші ойын ертең, яғни 27 қыркүйек күні Атыраудағы “Jysan Arena” алаңында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 18:00-де. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»