«Каспий» – 2020 жылғы Қазақстан кубогының жартылай финалындағы «Астананың» қарсыласы

16.11.2020, 10:00    Оқылғаны: 362
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы 2020 Қазақстан кубогы додасын жартылай финалдық кездесулермен бастап, Ақтаудың «Каспий» клубымен додаға түседі. Бұл матч елордада, сейсенбі күні, 17 қарашада өтеді. Басталуы – астана уақытымен – 19:30-да.

Ақтаудың “Каспий” командасы биыл Ұлттық лига аясында да астана командасының бірінші қарсыласы болған. Сол кездесулер қарсаңында біз бұл команда мен оның құрамына шолу жасап шыққанбыз. Сол екі матчта “Астана” Ақтау баскетболшыларын айқын басымдықпен ұтқан болатын – 87:66 және 99:44. Осы екі ойыннан кейін “Каспий” Ұлтық лига аясында тағы алты матч өткізді. Алайда соның біреуінде ғана жеңіске жетті. Нақтырақ айтқанда, “Алматы Легиондарын” сүріндірді. Бірақ Ақтау командасы дәл осы “Легиондардан” үш рет ұтылып, екі рет “Атырау Барыстарына” есе жіберіп алды.

Өте маңызды жәйт. Қазақстан кубогын өткізу ережелерінің шарттарына байланысты, турнирге Қазақстан ұлттық құрамасының сапына алуға болмайтын ойыншылар қатыса алмайды, яғни тек қазақстандық ойыншылар ғана ойнайды. Ендеше, Ақтау командасының көшбасшылары – америкалықтар Колин Доэрти мен Юджин Артисон, сондай-ақ ресейлік Денис Орленко кубок жолындағы матчтарда өз командаларына көмектесе алмайды. Әрине, біздің де легионерлеріміздің кубок додасына қатыса алмайтындықтарын ұмытпауымыз керек. Әйтсе де, қалай айтсақ та, бұл жұпта біздің команда фаворит болып саналады.

Сейсенбі күні, 17 қарашада, астана уақытымен 19:30-да басталатын “Астана” мен “Каспий” арасындағы матчтан бөлек, дәл осы күні, Нұр-Сұлтандағы “Сарыарқа” велотрегі аренасында, 17:00-де “Атырау Барыстары” мен Қостанайдың “Тобылы” арасында екінші жартылай финалдық ойын өтеді. Бұл матчтың қорытындысы бойынша біздің команданың жүлделі орындардың бірін сарапқа салатын қарсыласы анықталады. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Коронавирус нәубетіне байланысты енгізілген сақтық шараларына байланысты ойындар көрерменсіз өткізіледі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»