«Астана» балалар академиясының ең жас баскетболшылары алғаш рет жолға шықты

23.11.2018, 22:00    Оқылғаны: 1471
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Әсем Миржекеева
24-30 қараша күндері Талдықорған қаласында 2004-2005 және 2006-2007 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында баскетболдан Қазақстан кубогы додасы өтеді. Оған «Астана» академиясының екі жас мөлшеріндегі командасының екеуі де қатысады.

«Мұндай турнирлерге қатысу – болашақ баскетболшыларды дайындайтын біздің жүйеміздегі екінші қадам. Дәл қазір біз оған егжей-тегжей әзірленіп жатырмыз. Дәл қазір бізге осындай доп додаларына қатысу фактісі маңызды, сондықтан біз жоғары нәтиже көрсетуді көксеп отырған жоқпыз» – деп мәлімдеді «Астана» ПБК Атқарушы директоры Жомарт Әсенханов.  



Баскетболдан «Астана» балалар академиясы 2017 жылы ашылған. Бүгінде бұл академияда 300-ден астам бала спорттың осы түрімен тегін шұғылданады. Академия «Назарбаев Университеті» базасында жеткіншектерге дәріс беріп, үздіксіз жаттықтырып келеді.

Баскетболмен айналысу табандылықты, өжеттікті, батылдықты, адалдықты, өзіне деген сенімділікті, ұжымдық бірлікті қалыптастыруға көмектеседі. Баскетбол – қызықты атлетикалық ойын. Баскетбол секілді командалық ойын түрі өз ортасына бейімделіп кетуге, жаңа достар табуға, тек өзіне ғана емес, толық командаға жауапты болуға, бәсекелестік рухын жетілдіруге көмектеседі. Баскетбол тек күш-қуатты артырып, шымыр болуға ғана тәрбиелемейді, кез келген ортаға тастай батып, судай сіңіп кетуге, өзін сезінуге де септігін тигізеді.

Біздің академиямыз туралы толық ақпараттар сайтымыздың Академия бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»