Академия

Баскетболдан «Астана» балалар Академиясы есігін айқара ашады!

Баскетбол – өте қызықты спорт түрлерінің бірі. Баскетболмен айналысу табандылық, батылдық, өжеттік, әділдік, өзіне деген сенімділік, ұжымшылдық сезімі секілді қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Баскетбол адамды шыңдайтын тартымды ойын болып табылады. Баскетбол секілді командалық ойын қоғамға сіңіп кетуге, достар табуға, тек өзіңе ғана емес, тіпті толық команда үшін жауапты болуға көмектеседі, сондай-ақ бәсекелестік рухқа баулиды. Баскетбол тек қана денсаулықты шыңдамайды, сонымен қатар қоғамдық ортаға бейімделуге, өзіңді бағалай білуге ықпал етеді.

«Астана» президенттік баскетбол клубы сіздерге баскетболдан балалар академиясының ашылғанына хабарлауға асық! Академия «Назарбаев Университеті» базасында өз қызметін жүзеге асыратын болады!

Академияға 8−14 жас аралығындағы ұлдар қабылданады.

Академия жайлы

Міндеттері: Академияның негізгі міндеті жеңімпаз психологиясын қалыптастыра отырып, командада жұмыс жасай білетін, үйлесімді жетілген тұлғаларды тәрбиелеу болып табылады. Біз балаларды тек қана спортқа баулып қоймаймыз, сондай-ақ интеллектуалды тұрғыда жетіле түсуіне және бос уақытын пайдалы өткізуіне ықпал етеміз. Әр баламен жекелей де жұмыс жасап, әрқайсысының бабын табуға тырысу Академия жүйесінің негізі болып табылады. Соның арқасында ОТБАСЫ-МЕКТЕП-АКАДЕМИЯ берік байланысы пайда болады.  

Мақсаты: Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытып, әсіресе жас буын арасында өркендетіп, әрі Қазақстан халқының үштен бір бөлігінен артығын қамту ұсынысын жүзеге асыру. Республикада баскетболды дамытуға берік те, баянды база құрып, одан әрі жоғары спорттық білім алуға әсер ету. Мұның ішінде өскелең ұрпақты спортпен айналысуға тартып, қоғамға жат қылықтардан аластату өзекті болып табылады.

Спорттық зал: Академия өте сирек кездесетін кәсіби төсеніші (паркеті) бар, замануи баскетбол залымен жабдықталған, бұған ұқсас төсемелер Қазақстанда жоқ. Мұнда білікті мамандар осы спорт түрінің қыр-сырын үйретіп, болашақ чемпиондарды дайындайтын болады.

Бапкер

Бас бапкер: Академияның бас бапкері – Деян Парежанин. Деян балалар мен жасөспірімдер дайындау жағынан Еуропадағы ең үздік ұжымдардың бірі «Партизан» баскетбол клубынан түлеп ұшқан. Жаттықтырушылық карьерасын толықтай Сербиядағы балалар мен жастар командаларын баптауға арнаған. Оның командалары Еуролигада да ойнаған.



Жаттықтырушылар құрамы:
 
Илья Гузикевич Антон Кирин Владимир Формазонов Исмаил Бимендин

Кесте

Топтар:
  • 8−10 жас — А
  • 11−12 жас — В
  • 13−14 жас — С
Уақыт Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі

Байланыс

Баскетболдан «Астана» балалар академиясы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53 — «Назарбаев Университеті» ғимараты

Телефон: 8 (7172) 5 169 46
Ұялы телефон: 8 702 255 55 44
web: www.pbcastana.kz