«Зенитке» қарсы матчтың басы оңайға соққан жоқ. Санкт-петербургтік команда ойынды бірден жоғары қарқынмен бастап, 0:12 есебімен алға шықты. Кездесудің бұлай басталуынан кейін ойынды бақылаудан шығарып алу мүмкін сияқты көрінгенімен, Глеб Плотниковтің дер кезінде алған тайм-ауты команда матчқа қайта қосылды. Ти Джей Старкс бірінші ширектің сөзсіз қаһарманы атанып, жалғыз өзі 9 ұпай еншілеп, команданы алға сүйреді. Оған Асқар Майдекин, Илья Пестов пен кезең соңында үш пайлық соққы жасаған Вадим Щербак қосылды. Осылайша, команда есептегі айырмашылықты төрт ұпайға дейін қысқарта алды.
Екінші ширекте «Астана» сол қарқынын сақтап қалып, тең дәрежеде күрес жүргізуді жалғастырды. Кезеңнің 6-минутында команда таразы басын теңестіріп (33:33), Хави Паскуаль мен шәкірттерін қобалжытты. Илья Пестовтың алыстан жасаған дәл соққылары, Валерий Симоновтың нәтижелі ойыны (7 ұпай) мен арынды Ти Джей Старкс (екінші ширекте 10 ұпай) ойындағы шиеленісті сақтап тұрды.
Ойынның үшінші бөлігі команда үшін нағыз сынақ болды. «Зенит» ойыншысы Винс Хантер кезең басында 12 ұпай еншілесе, қарсыластың қарқынды қысымы «Астананың» ойын ритмін сақтап қалуына мүмкіндік бермеді. Осылайша, есептегі айырмашылық +20 ұпайға ұлғайды.
Шешуші ширекте ойын қарқыны бәсеңдеді. Галин Смит, Руслан Айтқали мен Ти Джей Старкс ерекше көзге түсті. Пестов пен Сәрсенғалиев ойын уақытын алды, ең бастысы – «Астана» жастар командасының ойыншысы Әсет Амангелдинов Лигада дебют жасады. Ол тек дебюттік ойынын өткізіп қоймай, ВТБ Бірыңғай Лигасындағы өзінің алғашқы және «Астананың» осы маусымдағы соңғы ұпайын есебіне жазды.
Маусым бойы қолдау көрсеткендіріңіз үшін рақмет!
«Астана» – «Зенит» – 67:101 (16:20, 24:23, 9:32, 18:26)
«Астана»: Ти Джей Старкс (30 ұпай, 4 рет допты алу), Валерий Симонов (7 ұпай), Галин Смит (6 ұпай, 4 рет допты алу), Аскар Майдекин (6 ұпай), Илья Пестов (5 ұпай).
Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:
— Ойынның алғашқы жартысын жақсы өткіздік. Ал үзілістен кейін «Зенит» қорғаныстағы қысымды күшейтіп, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруды жалғастырды. Былайша айтқанда, бұл таңғаларлық нәрсе емес. Біз қорғаныста да, шабуылда да жоғары ойын өрнегін көрсететін командаға қарсы ойнайдық. Баскетболшылар арасында ойын уақытын теңдей бөле алдық, соның арқасында жастар алаңға шықты және өздерін жақсы көрсете білді. Алда – Ұлттық Лиганың ширек финалдық кезеңі, қарсыласымыз – «Барсы Атырау». Команда бұл кездесудің маңыздылығын түсінеді. Сондықтан да бүгін бірнеше негізгі ойыншылар матчқа арналған құрамда болған жоқ.
Әсет Амангелдинов, «Астана» БК ойыншысы:
- Мен үшін мансабымдағы ең маңызды сәт. Ойын біз үшін қиын өтті. Бапкердің тапсырмасын орындауға тырыстық. Өкінішке қарай, ойымыздағы жүзеге асқан, қарсылас өз ойын өрнегін көрсете білді. Осындай ойындар арқылы әрі қарай даму үшін неге ұмтылу керектігін түсінесің.