Чемпионат көшбасшылары
«Зенит» — ВТБ Бірыңғай Лигасы 2024/2025 жылдар маусымы тұрақты чемпионатының жеңімпазы. Команданың жақында «Пармамен» ойында жеңіске жетуі санкт-петербургтік ұжымның тұрақты маусым қорытындысында бірінші орын алуына мүмкіндік берді. Хави Паскуаль шәкірттері қоржынында 38 жеңіс бар, команда тек 5 ойында жеңілістапқан. «Зенит» қатарынан 19 матчта жеңілістің ащы дәмін татпай келеді, бұл – маусымдағы жеңіс саны мен жеңістер сериясының ұзақтығы бойынша клуб рекорды. Соңғы 5 матчта «Зенит» «Парманы» (105:90), «Уралмашты» (96:66), МБА-МАИ (84:88), ЦСКА (81:77) мен «Енисейді» (60:81) жеңді.
Швед және команда
Нәтижелілік бойынша «Зенит» сапында Дуэйн Бэйкон (16.5 ұпай), Трент Фрейзер (11.5 ұпай + 4.3 пас), Окаро Уайт (7.7 ұпай) көш бастап келеді. Жақында ЦСКА-мен өткен маңызды ойындардың бірінде үшеуі жалпы 52 ұпай еншілеп, команданың жеңіске жетуіне көмектесті.
Қытайдың СВА лигасында өткізген маусымнан кейін ВТБ Бірыңғай Лигасына қайта оралған Алексей Швед қарқын алып келеді. «Пармамен» матчта ол 19 ұпай (үш ұпайлық соққылар бойынша көрсеткіші – 6/7) еншілеп, 10 пас берді. Сөйтіп, ол «Зенит» сапындағы алғашқы дабл-даблын жасады және олардың саны бойынша ЦСКА экс-ойыншысы Николай Милутиновпен теңесті (32).
Паскуальдің құпия «қаруы» — Георгий Жбановты әрдайым есте ұстау керек. Биылғы маусымның кем дегенде екі матчында («Пари НН» мен «Локо») оның баззері шешуші рөл ойнаған.
Кездесулер тарихы
ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаттары аясында командалар 22 рет кездескен. 17 матч «Зениттің», ал 5 ойын «Астана» пайдасына шешілгенін атап өту керек. Соңғы рет астаналық баскетболшылар Санкт-Петербург қаласы командасы 2021 жылдың 4 қазанында 69:83 есебімен ұтқан.
Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:
- Тұрақты чемпионаттың көшбасшы командасына қарсы ойнаймыз. «Зениттің» құрамы жақса жасақталған және шабуылда өте ұйымдасқан ойын өрнегін көрсетеді. Лайықты қарсылық көрсете отырып, баскетболшылар арасында ойын уақытын теңдей бөлуге тырысамыз.
Матч: «Астана» — «Зенит»
Күні мен уақыты: 12 сәуір, 15:00
Өтетін уақыты: Астана, «Сарыарқа» велотрегі
Трансляция: клуб сайтында
Командаға қолдау көрсетуге келіңіздер!