ВТБ Бірыңғай лигасы 2024/2025
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
08.04.2025, 20:00 Сс
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
65:105
Негізгі уақыт
19:26 16:38 19:20 11:21
Ойын нөмірі:
Көрермен: 207
УНИКС
Казань

Аңдатпа: «Астана» — УНИКС

07.04.2025, 15:30    Просмотров: 15
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Велимир Перасович шәкірттері маусым бойы ЦСКА (36-6) мен «Зениттің» (37-5) ізін қуып келеді. Олар ВТБ Бірыңғай Лигасы тұрақты чемпионаты турнирлік кестесінде үшінші орында келеді. Қазандық клуб маусымның 34 ойынында жеңіске жетсе, тағы 8 кездесуде сәтсіздікке ұшыраған. Соңғы бес матчта УНИКС төрт жеңіске қол жеткізді – қазандықтар «Пари НН» (76:68), «Автодор» (71:73), «Локомотив» (103:95) пен «Уралмашты» (67:93) жеңіп, 5 сәуірде «Локомотив-Кубаньнан» (94:82) жеңіліс тапты.

Нәтижелілік бойынша қазандық команда сапында Маркос Найт (16.7 ұпай + 4.0 пас), ДеВон Акун-Перселл (16.5 ұпай), Джален Рэйнольдс (14.3 + 6.0 рет допты алу) көш бастап келеді.

УНИКС-тің ресейлік баскетболшылары аз ойын уақытын алса да, чемпионат рейтингінің үздіктері қатарынан табылады. Мәселен, Дмитрий Кулагин командасына «Автодор» мен «Пари НН» ұжымдарын жеңуге көмектесті. Ол әр матчта орта есеппен 12.0 ұпай еншілеп, 7,5 рет допты алды, 4.5 нәтижелі пас берді және тиімділік рейтингісінде 19.5 ұпай олжалады. Ал Михаил Беленицкий «Чемпионат» басылымы үздік жас баскетболшылары рейтингісіне алғаш рет қосылып отырған жоқ. Өткен аптада ол тағы да үшінші орын алды. Журналистер мен спорт сарапшылары оны тұрақтылығы, қорғаныстағы қабілеттері үшін мақтайды, әрі осы жолы оның «Самарамен» ойында 20 ұпай еншілегені де есепке алынды.

Кездесулер тарихы

ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты аясында командалар өзара 26 рет кездесу өткізді. УНИКС 24 матчта жеңіск жетсе, «Астана» тек екі кездесуде өз пайдасына шеше алды. Соңғы рет «Астана» қазандық клубты 2015 жылдың 14 наурызында 87:67 есебімен жеңген.

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

- Біз үшін УНИКС сияқты чемпионат көшбасшыларына қарсы ойындар тәжірибе әрі нағыз сынақ десем болады. Осындай кездесулерден кейін немен жұмыс істеу керектігін түсінесің. Қазір команданың күнтізбесі өте тығыз, сондықтан матч барысында ешкім жарақат алмайды деп үміттенемін.

Матч:  «Астана» — УНИКС
Күні мен уақыты: 8 сәуір, 20:00 
Өтетін орны: Астана, «Сарыарқа» велотрегі
Трансляция: клуб сайтында

Сіздерді матчта күтеміз!

Екі түрлі деңгей

09.04.2025, 14:30    Просмотров: 18
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Ойын қазандық команданың 8:0 есебімен есепте алға шығуымен басталып, бас бапкері Глеб Плотниковті тайм-аут алуға мәжбүрледі. Бұл үзіліс командаға пайдасын тигізді: Ти Джей Старкс ойынды өз қолына алып, бірінші ширекте 11 ұпай еншіледі. Оның екі үш ұпайлық соққыны жүзеге асырған Руслан Айтқалимен байланысы таблодағы көрсеткішті екі ұпайға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Алайда УНИКС бұған бірнеше нәтижелі шабуылмен жауап беріп, ширек 19:26 есебімен аяқталды.

Екінші он минуттықты «Астананың» жас ойыншысы Илья Пестов нәтижелі бастап, үш ұпайлық соққымен көзге түсті. Сол сәтте команданың алыстан жасалған соққылар бойынша статистикасы өте жақсы болды – 5/5, алайда сәлден соң қазандықтар қысымды күшейтті. Осының арқасында УНИКС есептегі басымдығын ұлғайта түсті.

Матчтың үшінші бөлігінде Ти Джей Старкс пен Григорий Мотовилов сақина астына қарай өтетін мүмкіндіктерді іздеуде жалғастырды, ал Данила Походяев алыстан жасалған соққылармен көзге түсті. Алайда қарсыластың тас қамал қорғанысы «Астананың» ойын барысына өзгеріс енгізуіне жол берген жоқ.

Шешуші ширекте Сардал Абашидзе, Мағжан Сәрсенғалиев пен Илья Пестовқа өздерін көрсетуге мүмкіндік беріліп, жас баскетболшылары ойын уақытын алды.

Қосымша ақпарат
  • Ти Джей Старкс нәтижелілік бойынша өз рекордын қайталады (23 ұпай);
  • Данила Походяев тағы 10 ұпай еншілесе, осы маусымда еншілеген ұпай санын 300-ге жеткізеді;
  • Асқар Майдекин тағы 2 рет допты алса, бұл көрсеткіштегі нәтижесін 100-ге жеткізеді.
«Астана» – УНИКС 65:105 (19:26, 16:38, 19:20, 11:21)
«Астана»: Ти Джей Старкс (23 ұпай + 4 пас), Аскар Майдекин (10 ұпай), Руслан Айткали (9 ұпай), Галин Смит (6 ұпай).

Глеб Плотников, ио главного тренера БК «Астана»:

Қарсыластың өте қатты қысым жсайтынын білдік деуге болады. Себебі, бұл – УНИКС-тің биылғы маусымдағы өзіндік стилі. Бұған дейінгі баспасөз конференцияларында айтқанымдай, Перасовичтің жаттығуларына келіп, командасын тіпті аутсайдерлерге қарсы матчтарда осылай ойнауға қалай ынталандыратынын көргім келеді.
Жалпы, баскетболшылар арасында ойын уақытын бөліп бере алғанымызға қуаныштымын. Қазір біздің күнтізбеміз өте тығыз. Алда ВТБ Бірыңғай Лигасындағы тағы бір матч бар, одан кейін Ұлттық Лиганың ширек финалдық кезеңі күтіп тұр. Жас ойыншыларымыз өздерін сәл сенімдірек сезінулері керек, себебі осындай қарсыластармен ойнау арқылы өзіңді тани түсесің. 

Илья Пестов, «Астана» БК шабуылшысы:

-Ойын нашар өтіт деп айта алмаймын, өзім көп ойын уақытын алдым. Өз алаңымызда мұндай азулы қарсыласпен ойнау – үлкен тәжірибе.

12 сәуірде ВТБ Бірыңғай Лигасы биылғы маусымында соңғы ойынымызды өткіземіз. «Астана» өз алаңында Санкт-Петербургтің «Зенит» командасын қабылдайды. Матч сағат 15:00-де басталады.
Командамызға қолдау көрсетіп, маусымның соңғы матчының бір бөлігі атаныңыз!
Сіздерді алаңда күтеміз!

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1991 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Ресей Арена: Баскет Холл
Қала: Казань Сайт: www.unics.ru

Сипаттамасы

УНИКС – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қазан қаласынан, 1991 жылы құрылған.
 
Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері − 2001, 2002, 2004, 2007, 2016, 2021
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері − 2000, 2003, 2005, 2009−2011, 2013/2014, 2018/2019, 2021/2022
  • Ресей кубогының жеңімпазы − 2003, 2009, 2014
  • FIBA Евролига чемпионы − 2003/2004
  • Еуропа кубогы жеңімпазы − 2010/2011
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2013/14 
  • NEBL чемпионы − 2002/2003
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері − 2009/2010, 2011/2012, 2015/2016, 2020/2021
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері − 2010/11, 2018/2019, 2021/2022