Велимир Перасович шәкірттері маусым бойы ЦСКА (36-6) мен «Зениттің» (37-5) ізін қуып келеді. Олар ВТБ Бірыңғай Лигасы тұрақты чемпионаты турнирлік кестесінде үшінші орында келеді. Қазандық клуб маусымның 34 ойынында жеңіске жетсе, тағы 8 кездесуде сәтсіздікке ұшыраған. Соңғы бес матчта УНИКС төрт жеңіске қол жеткізді – қазандықтар «Пари НН» (76:68), «Автодор» (71:73), «Локомотив» (103:95) пен «Уралмашты» (67:93) жеңіп, 5 сәуірде «Локомотив-Кубаньнан» (94:82) жеңіліс тапты.
Нәтижелілік бойынша қазандық команда сапында Маркос Найт (16.7 ұпай + 4.0 пас), ДеВон Акун-Перселл (16.5 ұпай), Джален Рэйнольдс (14.3 + 6.0 рет допты алу) көш бастап келеді.
УНИКС-тің ресейлік баскетболшылары аз ойын уақытын алса да, чемпионат рейтингінің үздіктері қатарынан табылады. Мәселен, Дмитрий Кулагин командасына «Автодор» мен «Пари НН» ұжымдарын жеңуге көмектесті. Ол әр матчта орта есеппен 12.0 ұпай еншілеп, 7,5 рет допты алды, 4.5 нәтижелі пас берді және тиімділік рейтингісінде 19.5 ұпай олжалады. Ал Михаил Беленицкий «Чемпионат» басылымы үздік жас баскетболшылары рейтингісіне алғаш рет қосылып отырған жоқ. Өткен аптада ол тағы да үшінші орын алды. Журналистер мен спорт сарапшылары оны тұрақтылығы, қорғаныстағы қабілеттері үшін мақтайды, әрі осы жолы оның «Самарамен» ойында 20 ұпай еншілегені де есепке алынды.
Кездесулер тарихы
ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты аясында командалар өзара 26 рет кездесу өткізді. УНИКС 24 матчта жеңіск жетсе, «Астана» тек екі кездесуде өз пайдасына шеше алды. Соңғы рет «Астана» қазандық клубты 2015 жылдың 14 наурызында 87:67 есебімен жеңген.
Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:
- Біз үшін УНИКС сияқты чемпионат көшбасшыларына қарсы ойындар тәжірибе әрі нағыз сынақ десем болады. Осындай кездесулерден кейін немен жұмыс істеу керектігін түсінесің. Қазір команданың күнтізбесі өте тығыз, сондықтан матч барысында ешкім жарақат алмайды деп үміттенемін.
Матч: «Астана» — УНИКС
Күні мен уақыты: 8 сәуір, 20:00
Өтетін орны: Астана, «Сарыарқа» велотрегі
Трансляция: клуб сайтында
Сіздерді матчта күтеміз!