ВТБ Бірыңғай лигасы 2022/2023
МБА
Мәскеу
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Бірінші кезең
07.12.2022, 22:30 Ср
Арена: Баскет Холл Мәскеу (Крылатское) (Мәскеу)
81:59
Негізгі уақыт
16:12 15:16 22:21 28:10
Ойын нөмірі:
Көрермен: 1304
Астана
Астана

Қарсылас – МБА: превью

07.12.2022, 10:00    Просмотров: 555
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Қазір «Астананың» негізгі құрамы Мәскеуде, сәлден соң ВТБ Бірыңғай лигасы аясында кезекті матч өтеді. 

Қарсылас – МБА. «Астана» аталмыш клубпен маусымның алғашқы үй матчында кездесіп, 69:103 есебімен жеңіліп қалды. 
Сол кезде қазақстандық команданың бас бапкері Олег Киселев мәскеуліктердің өршіл және жас команда екенін атап өтті. Өткізілген 14 ойыннан кейін ВТБ Бірыңғай лигасының дебютанты чемпионаттағы әрбір команда үшін шын мәнінде қауқарлы қарсылас екені белгілі болды: 9 жеңіс, жинаған ұпайлары бойынша үшінші көрсеткіш және турнир кестесінде төртінші орын. Алда тек ЦСКА, Уникс және «Зенит» сияқты мықтылар тұр. 

«Астананың» кейбір көшбасшылары қазір Ұлттық лига аясында Irbis-ке қарсы ойнап жатқанына қарамастан, бірнеше күн бұрын елордалық команда Санкт-Петербургте «Зенитке» қарсы лайықты күрес көрсете алды. Сондықтан бүгінгі ойынды талас-тартысқа толы болады деп күтуге болады. 

«Астана» екі қорғаушымен күшейе түсті, сәйкесінше ротация және шабуылдағы опциялар саны артты. Майкл Майерс бар, жақсы ойнайтын бесінші нөмір, жалпы бізде ірі денелі «орталықтардың» жетіспеушілігі проблемасы бар. Біз жылдамдықты аздап жоғалттық, бірақ жағдайдан шығу жолдарын іздейміз. Қалай болғанда да, біз лайықты күресіп, жеңіске жетеміз. Матч қиын болады, бірақ жанкүйерлеріміздің алдында біз жақсы баскетбол көрсетуіміз керек», — деді Мәскеу командасының бас бапкері Василий Карасев ойын алдында. 

Матч Астана бойынша 22:30-да басталады, көрсетілім ресми сайтта қолжетімді.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Мәскеудегі тартысты ойын

08.12.2022, 00:00    Просмотров: 558
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Мәскеуде МБА-мен кездесіп, ВТБ Бірыңғай лигасы аясында кезекті көшпелі ойынды өткізді.

Бірқатар көшбасшылардың болмауына қарамастан, Олег Киселевтің командасы алаң иелеріне күрес жүргізе алды және матч қарқыны соңғы бөлікке дейін сақталды.

Ойынның екінші ширегі «Астананың» жеңісімен аяқталды, алайда бұл сәттілік Даниил Аксеновтың алаңнан қуылуынан соң басқаша жалғасты. 

Матчтың соңғы кезеңі «Астана» үшін сәтсіз аяқталды: МБА ойынды жаңартып, 81:59 есебімен жеңіске жетті.

«Астананың» көшбасшылары — Майкл Майерс (15 ұпай, 18 допқа жету), Максим Марчук (11 ұпай) және Олег Балашов (10 ұпай). Елордалық клубтың америкалық баскетболшысы бір матчта допқа бірінші жету бойынша маусымның рекордын орнатты.
 

«Бірінші кезекте, мен «Астананың» тамаша ойынын атап өтуім керек — тіпті барлық проблемаларымен олар «Зенитке» тойтарыс берді, бүгін 35 минут өте жақсы баскетбол көрсетті. Бізге келетін болсақ, осал ойынт көрсетіп, есе жіберіп жаттық. Соңында ғана еңсе тіктеп,  ойынымызды көрсеттік», — деді матчтан кейін қарсыластың бас бапкері Василий Карасев.

Келесі матчты «Астана» 13 желтоқсанда үйде өткізеді, «Автодор» қонаққа келеді.

​Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2013 Клубтық түстері: ақ, қызыл
Мемлекет: Ресей Арена: Баскет Холл Мәскеу (Крылатское)
Қала: Мәскеу Сайт: mbabasket.pro

Сипаттамасы