Қарсылас – МБА: превью

07.12.2022, 10:00    Оқылғаны: 558
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Қазір «Астананың» негізгі құрамы Мәскеуде, сәлден соң ВТБ Бірыңғай лигасы аясында кезекті матч өтеді. 

Қарсылас – МБА. «Астана» аталмыш клубпен маусымның алғашқы үй матчында кездесіп, 69:103 есебімен жеңіліп қалды. 
Сол кезде қазақстандық команданың бас бапкері Олег Киселев мәскеуліктердің өршіл және жас команда екенін атап өтті. Өткізілген 14 ойыннан кейін ВТБ Бірыңғай лигасының дебютанты чемпионаттағы әрбір команда үшін шын мәнінде қауқарлы қарсылас екені белгілі болды: 9 жеңіс, жинаған ұпайлары бойынша үшінші көрсеткіш және турнир кестесінде төртінші орын. Алда тек ЦСКА, Уникс және «Зенит» сияқты мықтылар тұр. 

«Астананың» кейбір көшбасшылары қазір Ұлттық лига аясында Irbis-ке қарсы ойнап жатқанына қарамастан, бірнеше күн бұрын елордалық команда Санкт-Петербургте «Зенитке» қарсы лайықты күрес көрсете алды. Сондықтан бүгінгі ойынды талас-тартысқа толы болады деп күтуге болады. 

«Астана» екі қорғаушымен күшейе түсті, сәйкесінше ротация және шабуылдағы опциялар саны артты. Майкл Майерс бар, жақсы ойнайтын бесінші нөмір, жалпы бізде ірі денелі «орталықтардың» жетіспеушілігі проблемасы бар. Біз жылдамдықты аздап жоғалттық, бірақ жағдайдан шығу жолдарын іздейміз. Қалай болғанда да, біз лайықты күресіп, жеңіске жетеміз. Матч қиын болады, бірақ жанкүйерлеріміздің алдында біз жақсы баскетбол көрсетуіміз керек», — деді Мәскеу командасының бас бапкері Василий Карасев ойын алдында. 

Матч Астана бойынша 22:30-да басталады, көрсетілім ресми сайтта қолжетімді.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»