ВТБ Бірыңғай лигасы 2022/2023
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Бірінші кезең
07.01.2023, 15:00 Сн
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
75:93
Негізгі уақыт
15:30 18:16 22:23 20:24
Ойын нөмірі:
Көрермен: 583
Зенит
Санкт-Петербург

«Зенитпен» ойнаймыз: матчқа превью

07.01.2023, 10:00    Просмотров: 566
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін «Астана» қазіргі чемпион – Санкт-Петербургтің «Зенитімен» ойнайды. 
 
Клуб тек 2014 жылы құрылғанымен, ол өзін Лиганың ең мықты ұжымдарының бірі ретінде көрсетіп келеді. Жетістіктері: 
  • ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионы: 2021/2022. 
  • Лиганың қола жүлдегері: 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018, 2020/2021. 
  • ВТБ Бірыңғай лигасының Суперкубогының жеңімпазы: 2022. 
  • Суперкубоктың күміс жүлдегері: 2021. 
 
2020 жылдан бастап команданы испандық Хавьер Паскуаль басқарады, ол бұрын Барселонада жұмыс істеген және онымен бірге Еуролиганы жеңіп алған. 
 
Қазір «Зенит» ВТБ Бірыңғай лигасының турнир кестесінде үшінші орында, алда – ЦСКА мен УНИКС. Команда ойыншыларының ішінен Томас Эртельді (әр ойынға 12,8 ұпай, 4,4 рет допқа жету, 8,6 нәтижелі пас), Трей Томпкинсті (әр ойынға 10,9 ұпай) және Калеб Хоумслиді (матчқа 9,7 ұпай) атап өтуге болады. Қарсыластың қырағы қорғанысын да тілге тиек етуге болады: олар Лигадағы допты ең аз жіберген ұжым саналады (68,9 ұпай). 
 
«Зенит» пен «Астананың» бірінші ойыны 88:66 есебімен ресейліктердің пайжасына аяқталды. Сол себепті біздің жігіттер бүгін жанкүйерлері алдында барын салады.  
 
«ВТБ Бірыңғай лигасының қазіргі чемпионымен ойнаймыз! Бәріңізге белгілі, жанкүйерлер – команданың алтыншы ойыншысы, сондықтан керемет қолдау күтеміз. Қазіргі чемпионға лайықты қарсылық таныта аламыз деген ойдамын», — деді матч алдында Даниил Аксенов. 
 
Матч «Сарыарқа» велотрегінде өтеді, ойын Астана уақыты бойынша 15:00-де басталады. Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады. 

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Зенитке» жол бердік

07.01.2023, 17:00    Просмотров: 596
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті матчында «Зенитке» жол берді.

Матч православ Рождество күнінде «Сарыарқа» велотрегінде өтіп, қонақтардың пайдасына 93:75 есебімен аяқталды.

«Астана» кездесуді сәтті бастаған жоқ, алайда екінші және үшінші бөлікте ВТБ Бірыңғай лигасының қазіргі чемпионына қарсы лайықты күрес жүргізді. Бір сәтте артта қалушылық -9-ға дейін қысқарды, бірақ соңында Санкт-Петербургтен келген клуб сенімді жеңіске жетті.

Олег Киселев Томас Эртельді ерекше атап өтті (23 ұпай, 13 пас, ПИК 28). «Бүгін жақсы ойнады, үнемі команданы басқарды, пас берді, жағдайды өзі шешті», — деді қазақстандықтардың жаттықтырушысы.

«Астана» құрамында Даниил Аксенов (19 ұпай), Кваме Вон және Валерий Лиходей (15 ұпай) көзге түсті.
 

«Біріншіден, барлығын Рождество мерекесімен құттықтағым келеді. Біз ойынды жақсы бастадық, бірінші бөлікте біз қорғаныста да, шабуылда да жақсы ойнадық. Екінші және үшінші бөлікте «Астана» жақсы ойнай бастады, ойын теңестіріліп, бізге қиындай түсті. Төртінші кезеңде біз ойынды бұрып, матчта жеңіске жету үшін мүмкіндіктер таптық.«Астанаға» барлық жақсылықты тілеймін, әсіресе жаттықтырушы үлкен жұмыс атқарды.» - деді «Зениттің» бас бапкері Хавьер Паскуаль ойыннан кейін.

Келесі матчты «Астана» 11 қаңтарда өткізеді, Олег Киселевтің командасы үйде «Минскімен» ойнайды. Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады. 

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2014 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Ресей Арена: «Сибур Арена»
Қала: Санкт-Петербург Сайт: https://bc-zenit.com

Сипаттамасы

«Зенит» – ресейдің кәсіби ерлер баскетбол клубы, Санкт-Петербург қаласынан, 2014 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионы — 2021/2022
  • Ресей Чемпионатының жеңімпазы — 2021/2022
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері – 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018, 2019/2020 
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018, 2019/2020
  • ВТБ Бірыңғай лигасы Суперкубогының күміс жүлдегері — 2021
  • Ресей кубогының финалына шыққан – 2015/2016