«Зенитпен» ойнаймыз: матчқа превью

07.01.2023, 10:00    Оқылғаны: 569
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін «Астана» қазіргі чемпион – Санкт-Петербургтің «Зенитімен» ойнайды. 
 
Клуб тек 2014 жылы құрылғанымен, ол өзін Лиганың ең мықты ұжымдарының бірі ретінде көрсетіп келеді. Жетістіктері: 
  • ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионы: 2021/2022. 
  • Лиганың қола жүлдегері: 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018, 2020/2021. 
  • ВТБ Бірыңғай лигасының Суперкубогының жеңімпазы: 2022. 
  • Суперкубоктың күміс жүлдегері: 2021. 
 
2020 жылдан бастап команданы испандық Хавьер Паскуаль басқарады, ол бұрын Барселонада жұмыс істеген және онымен бірге Еуролиганы жеңіп алған. 
 
Қазір «Зенит» ВТБ Бірыңғай лигасының турнир кестесінде үшінші орында, алда – ЦСКА мен УНИКС. Команда ойыншыларының ішінен Томас Эртельді (әр ойынға 12,8 ұпай, 4,4 рет допқа жету, 8,6 нәтижелі пас), Трей Томпкинсті (әр ойынға 10,9 ұпай) және Калеб Хоумслиді (матчқа 9,7 ұпай) атап өтуге болады. Қарсыластың қырағы қорғанысын да тілге тиек етуге болады: олар Лигадағы допты ең аз жіберген ұжым саналады (68,9 ұпай). 
 
«Зенит» пен «Астананың» бірінші ойыны 88:66 есебімен ресейліктердің пайжасына аяқталды. Сол себепті біздің жігіттер бүгін жанкүйерлері алдында барын салады.  
 
«ВТБ Бірыңғай лигасының қазіргі чемпионымен ойнаймыз! Бәріңізге белгілі, жанкүйерлер – команданың алтыншы ойыншысы, сондықтан керемет қолдау күтеміз. Қазіргі чемпионға лайықты қарсылық таныта аламыз деген ойдамын», — деді матч алдында Даниил Аксенов. 
 
Матч «Сарыарқа» велотрегінде өтеді, ойын Астана уақыты бойынша 15:00-де басталады. Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады. 

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»