ВТБ Бірыңғай лигасы 2022/2023
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Бірінші кезең
05.11.2022, 15:00 Сн
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
57:88
Негізгі уақыт
8:27 16:20 10:21 23:20
Ойын нөмірі:
Көрермен: 841
Енисей
Красноярск

«Енисеймен» ойнаймыз: қарсыласты таныстырсақ

05.11.2022, 10:00    Просмотров: 460
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы аясында Красноярск қаласынаның «Енисейін» қабылдайды.

Красноярск — Шығыс Сібірдің ең ірі іскерлік, өнеркәсіптік және мәдени орталығы. Қала ерекше ландшафттармен, тау пейзаждарымен, Сібір орманымен және әйгілі қорығымен ерекшеленеді.

Команданың тарихы 1981 жылы Красноярск политехникалық институтының негізінде «Политехник» командасы құрылған кезден басталады. 1988 жылы Нерюнгриде Сібір мен Қиыр Шығыс командалары арасындағы КСРО Кубогының финалдық жарысында «Политехник» жеңді.

«Енисейдің» ерлер командасы Ресей «Б» Суперлигасының чемпионы (2006/07), екі дүркін күміс жүлдегері (2004/05, 2005/06), сондай-ақ Ресей Кубогының қола жүлдегері (2010/11).

2011/12 маусымда команда алғаш рет ВТБ Бірыңғай лигасына қатысты.

Қызықты факт: 2016-2020 жылдары «Енисей» сапында «Астана» «орталығы» Игорь Каныгин ойнады.

Қазір команданың бас бапкері — 55 жастағы маман Дражен Анзулович, ал көшбасшылары – 27 жастағы «орталық» Джеймс Томпсон (бір матчқа орта есеппен 12 ұпай жинайды, бір ойында 7.2 рет соққы жасайды) және 30 жастағы қорғаушы Анжело Уорнер (бір матчқа орта есеппен 11.6 ұпай жинайды, бір ойында 3.9 пас береді). 

«Енисей» мен «Астана» арасындағы жеке кездесулердің статистикасы Красноярск командасының пайдасына: 6 да 10.



«Қоржынында бір жеңістен бар екі команда ойнайды. Біз жеңістерді сағындық және сондықтан бұл ойын тартысты болады. Біз бұл жеңіске бірінші кезекте өзіміз үшін, команда ретінде және жекелей алғандағы  жетістіктерімізді көру үшін жеткіміз келеді, біз бапкер тапсырмаларын орындап, әр сәтте, әр шаршы метрде барымызды саламыз», — деді «Астана» ойыншысы Даниил Аксенов.

«Енисеймен» ойында біз ұтыссыз сериямызды үзіп, жанкүйерлерімізге жағымды эмоциялар беруге тырысамыз», — деді елордалық команданың бас бапкері Олег Киселев.

Матч сағат 15:00-де «Сарыарқа» велотрегінде басталады. Команданы қолдауға келіңіз!

Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Енисей» озық шықты

05.11.2022, 17:00    Просмотров: 661
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті матчында «Енисейден» ұтылды.

«Сарыарқа» велотрегінде өткен матч қонақтардың пайдасына 57:88 есебімен аяқталды.

«Енисей» сапында Джеймс Томпсон (15 ұпай), Тимофей Герасимов (12 ұпай, 5 доп) және Александр Гудумак (11 ұпай) үздік шықты. Алаң иелерінен Олег Балашов (15 ұпай) және Даниил Аксенов (11 ұпай) ерекшеленді.
 

«Команданы жеңісімен құттықтаймын. Біз жақсы матч өткіздік. Біз қарсыласқа үлкен құрметпен қарадық, талдау жүргіздік, олардың «ПАРМА-ПАРИДІ» жеңгенін көрдік. Бірақ мен үшін ең бастысы — менің командам, олар біздің ережелерді ұстанады және тактикалық тапсырмаларды орындайды. Бұл осы маусымдағы көңілім толған алғашқы матч деп айта аламын, алғашқы 40 минутқа риза болдым, біз біртұтас механизм ретінде жұмыс істедік», — деді матчтан кейін қонақтардың бас жаттықтырушысы Дражен Анзулович.

Алда ұлттық құрамалардың ойындары қарсаңындағы үзіліс, ал 18 қарашада «Астана» өз алаңында мәскеулік ЦСКА-ны қабылдайды.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1981 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Ресей Арена: «Арена Север»
Қала: Красноярск Сайт: www.basket-enisey.ru

Сипаттамасы

«Енисей» - ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Красноярск өлкесінен, 1981 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Ресей Суперлигасының «Б» дивизионы чемпионы – 2006
  • Ресей Суперлигасының «Б» күміс жүлдегері – 2004/2005, 2005/2006
  • Ресей Кубогының қола жүлдегері – 2011