«Енисеймен» ойнаймыз: қарсыласты таныстырсақ

05.11.2022, 10:00    Оқылғаны: 463
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы аясында Красноярск қаласынаның «Енисейін» қабылдайды.

Красноярск — Шығыс Сібірдің ең ірі іскерлік, өнеркәсіптік және мәдени орталығы. Қала ерекше ландшафттармен, тау пейзаждарымен, Сібір орманымен және әйгілі қорығымен ерекшеленеді.

Команданың тарихы 1981 жылы Красноярск политехникалық институтының негізінде «Политехник» командасы құрылған кезден басталады. 1988 жылы Нерюнгриде Сібір мен Қиыр Шығыс командалары арасындағы КСРО Кубогының финалдық жарысында «Политехник» жеңді.

«Енисейдің» ерлер командасы Ресей «Б» Суперлигасының чемпионы (2006/07), екі дүркін күміс жүлдегері (2004/05, 2005/06), сондай-ақ Ресей Кубогының қола жүлдегері (2010/11).

2011/12 маусымда команда алғаш рет ВТБ Бірыңғай лигасына қатысты.

Қызықты факт: 2016-2020 жылдары «Енисей» сапында «Астана» «орталығы» Игорь Каныгин ойнады.

Қазір команданың бас бапкері — 55 жастағы маман Дражен Анзулович, ал көшбасшылары – 27 жастағы «орталық» Джеймс Томпсон (бір матчқа орта есеппен 12 ұпай жинайды, бір ойында 7.2 рет соққы жасайды) және 30 жастағы қорғаушы Анжело Уорнер (бір матчқа орта есеппен 11.6 ұпай жинайды, бір ойында 3.9 пас береді). 

«Енисей» мен «Астана» арасындағы жеке кездесулердің статистикасы Красноярск командасының пайдасына: 6 да 10.



«Қоржынында бір жеңістен бар екі команда ойнайды. Біз жеңістерді сағындық және сондықтан бұл ойын тартысты болады. Біз бұл жеңіске бірінші кезекте өзіміз үшін, команда ретінде және жекелей алғандағы  жетістіктерімізді көру үшін жеткіміз келеді, біз бапкер тапсырмаларын орындап, әр сәтте, әр шаршы метрде барымызды саламыз», — деді «Астана» ойыншысы Даниил Аксенов.

«Енисеймен» ойында біз ұтыссыз сериямызды үзіп, жанкүйерлерімізге жағымды эмоциялар беруге тырысамыз», — деді елордалық команданың бас бапкері Олег Киселев.

Матч сағат 15:00-де «Сарыарқа» велотрегінде басталады. Команданы қолдауға келіңіз!

Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»