ВТБ Бірыңғай лигасы 2022/2023
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Бірінші кезең
09.10.2022, 15:00 Жс
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
69:103
Негізгі уақыт
24:23 9:20 21:32 15:28
Ойын нөмірі:
Көрермен: 787
МБА
Мәскеу

МБА-мен ойын: қарсыласты таныстырамыз

09.10.2022, 10:00    Просмотров: 603
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін «Астана» жаңа маусымдағы ВТБ Бірыңғай лигасының үйдегі алғашқы матчын өткізеді.

Қарсылас — Мәскеудің МБА ұжымы. 2013 жылы құрылған клубтың мақсаты — баскетболшылардың жаңа буынын дамыту. Командадағы көптеген ойыншының жасы 25-ке жетпеген.

Клуб алғаш рет ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсетеді және турнирдің дебюттік матчында «Локомотив-Кубаньді» 86:73 есебімен жеңді. Шабуылшы Евгений Валиев лиганың бірінші аптасының үздік бестігіне кірді.

«МБА — өршіл, жас команда. Олар лигаға кірген кезде, аутсайдерлердің қатарына қосқандар көп болды, бірақ маусым алдындағы матчтар және «Локомен» ойын бұл пікірді теріске шығарды. Біз жеңіске жету үшін жақсы дайындалуымыз керек», — дейді бас жаттықтырушы Олег Киселев.

Қызықты дерек: МБА құрамында осы жазда Мәскеу клубына қосылған «Астананың» экс-форварды Марк Тихоненко бар.

Ойын «Сарыарқа» велотрегінде өтеді және сағат 15:00-де басталады, билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

МБА басым түсті

09.10.2022, 17:00    Просмотров: 584
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» жаңа маусымда ВТБ Бірыңғай лигасының үйдегі алғашқы кездесуін өткізді.

Қазақстандық команда бірінші бөліктің соңына қарай есепте алда болғанына қарамастан, кейіннен қонақтар ойын басымдығын қолға алып, 69:103 есебімен жеңіске жетті.

«Астана» құрамындағы үздік ойыншылар: Даниил Аксенов (13 ұпай, 2 допқа талас, 4 пас), Майкл Майерс (11 ұпай, 7 допқа талас, 1 тосқауыл) және Валерий Лиходей (9 ұпай, 6 допқа талас, 1 пас).

Майк Майерс — БК Астана 2022/2023

«Астананың» бас бапкері — Олег Киселев:

«МБА-ны жеңісімен құттықтаймын. Олар жақсы, үйлесімді ойын көрсетті, жазғы дайындығы өте жақсы болды, жалпы маусымға өте жақсы кірді. 

Біз оларға қарсы тұру ғана емес, жеңіске жетуге дайын болдық. Мұны матчтың бірінші жартысында көрсеттік, ойын жоспарын ұстадық. Иә, белгілі бір сәттерте озық шықтық, бірінші бөлікте он ұпайлық айырмашылықты сақтап, еркін шабуылдарды жүзеге асырдық. 

Ойынның екінші жартысы туралы сөз қозғау қиын. Шабуылдағы ойын, ойын өрнегі бұзылды, біз МБА-ға ойын энергиясын сезінетіндей мүмкіндік беріп қойдық, олар еркін шабуылдарды жүзеге асырды.  

Қорытынды жасау керек. Біз аздап демаламыз, талдау жасаймыз және «Парма-Париге» дайындаламыз. Біз бүгінгідей болмауы үшін және ойынды жақсарту үшін бар күшімізді саламыз. Біз ВТБ Бірыңғай лигасында екі ойын өткіздік және біздің командадағы көптеген адамдар біздің қандай деңгейде ойнайтынымызды түсінуі керек. Мұнда ешқандай қателіктер кешірілмейді».


МБА бас бапкері — Василий Карасев:

«Кездесудің бірінші және екінші бөлігі өте ауыр болды: қорғаныста олқылықтар жібердік, «Астанаға» бірінші бөліктегі ойынның басымдығын беріп қойдық. Біздің команда қорғаныс арқылы ойнайды, біз қорғану арқылы жылдам ауысымдарға мүмкіндік жасаймыз. Кей тұстарда біз жағдайды түзетіп, үшінші-төртінші бөлікте басымдықты өзімізде ұстадық». 
 

ВТБ Бірыңғай лигасында қазақстандық клуб келесі матчты үйде өткізеді — 13 қазанда «Астана» «ПАРМА-ПАРИ» командасын қабылдайды.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2013 Клубтық түстері: ақ, қызыл
Мемлекет: Ресей Арена: Баскет Холл Мәскеу (Крылатское)
Қала: Мәскеу Сайт: mbabasket.pro

Сипаттамасы