MБA ойынының билеттері сатылымда!

04.10.2022, 16:00    Оқылғаны: 773
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Жаңа маусымдағы ВТБ Бірыңғай лигасындағы үйдегі алғашқы матч – МБА-ға қарсы билеттер сатылымы ашылды.
 
Мәскеулік команда турнирдің дебютанты саналады, бірақ 2013 жылы құрылған клубтың Ресей Суперлигасында көп жылдық тәжірибесі бар. Команда құрамында таныс есімдер де бар, мәселен, «Астананың» экс-форварды Марк Тихоненконы айтуға болады. Қазақстанның үздік баскетбол клубы мен ресейлік ойыншылардың жаңа буыны (командада көбі 25 жасқа дейінгі жастар) арасындағы бәсеке сөзсіз қызықты болуы тиіс.
 
Матч 9 қазанда «Сарыарқа» велотрегінде, сағат 15:00-де басталады.

Билеттер мына сілтеме арқылы қолжетімді Zakazbiletov.kz.

Команданы қолдауға келіңіз! Бізге сіздің қолдауыңыз қажет!

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»