Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXX Қазақстан чемпионаты
Астана
Нұр-Сұлтан
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
20.01.2022, 19:30 Бс
Арена: Велотрек «Сары-Арқа» (Нұр-Сұлтан)
105:50
Негізгі уақыт
34:13 14:10 25:9 32:18
Ойын нөмірі: 34
Көрермен: 0
Тобыл
Қостанай

«Астана» жаңа жылды Қостанайдың «Тобылын» күйрете жеңіп бастады

20.01.2022, 10:00    Просмотров: 18
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы 2022 жылғы бірінші ойынын өткізіп, Ұлттық лига аясында Қостанайдың “Тобылымен” додаға түсті. Негізі, бұл екі матч Қостанайда өтуі керек болатын. Бірақ  өзара келісім бойынша астанаға ауыстырылып, шартты түрдегі алаң иесі “Тобыл” болды. Біздің команда екі кездесуде де сөзсіз фаворит болып саналып, біріншісінде тағы да үстемдік танытты. Дарко Руссо бұл ойынға америкалық легионерлерден Скайлар Спенсер мен Энтони Хикиге сенім артты. Бастапқы бестікте оларға Марк Тихоненко, Вадим Щербак және Максим Марчук қосылды.

Ортада лақтырылған допқа таласқанда біздің жігіттер жіті қимылдады. Бірақ олар да, қостанайлықтар да бірінші шабуылдарында доп сала алмады. Әйтсе де, бірінші минут аяқталуға айналғанда, Вадим Щербак орта қашықтықтан есеп ашты. Одан кейін Энтони Хики біздің басымдығымызды төрт ұпайға жеткізді. Қостанайлықтар осыдан кейін ғана доп салып, алғашқы ұпайларын иемденді. Бірақ біздің ұжымның қарқынын төтеп бере алмай қалды. Марк Тихоненко, Максим Марчук және Энтони Хики іркес-тіркес салған доптардан кейін біздің басымдығымыз осы матчта бірінші рет екі таңбалы санға жетті. Іле-шала Тихоненко осы ойындағы бірінші үш ұпайлық допты салды. Ал бірінші кезеңнің ортасына дейін Хики, Марчук және Айтқали өз еншілерін ұпайлар қосты. Есеп айырмасы лезде 15 ұпайдан асып кетті. Бұдан кейінгі үш минутта тек Скайлар Спенсер өзінің өзінің алғашқы добын салып, ал “Тобыл” есепті аздап қысқартты. Алғашқы кезеңнің соңғы минуттарында Дмитрий Гаврилов “энд уан” орындап, Максим Марчук өз еншісіне тағы  2 ұпай қосты, ал Рустам Мырзағалиев осы матчтағы алғашқы добын доға сыртынан салды. Бірақ бұл да есеп айырмасына көп әсер етпеді – “Астана” матчтың бірінші бөлігінде басым түсті – 21:31. Екінші кезеңнің басында есеп айырмасы осы 10 ұпай шамасында сақталып тұрды. Бірақ одан кейін біздің команда алға қарай ұзай бастады. Доп салғандар – Рустам Мырзағалиев, Энтони Хики, Николай Бажин және Дмитрий Гаврилов. Содан соң Бажин екі айып соққысын мүлтіксіз орындап, біздің басымдығымыз 20 ұпайдан асып кетті. Осы кезеңнің бел ортасына дейін «Астананың» құйрық үзіп кетуіне Спенсер мен Айтқали өз үлестерін қосты. Сөйтіп, кезең ортасында “Астана” 24 ұпай айырмасымен алда тұрды. Бұдан соң қостанайлықтар нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп, есеп айырмасын қысқартты. Ал біздің команда сапынан екінші кезеңнің екінші жартысында Щербак, Бажин, Мырзағалиев және Тихоненко екі ұпайдан еншіледі. Осылай, үлкен үзіліске біздің команда айқын басымдықпен шықты – 37:60.

Энтони Хики

Үшінші кезеңнің бірінші жартысында «Тобылға» қауіп төндіргендер Максим Марчук пен Энтони Хики болды. Әрі Николай Бажин мен Дмитрий Гаврилов та доп салды. Алайда қостанайлықтар да қарап қалмай, белсенділік танытты.  Әйтсе де, кезеңнің ортасына қарай тағы екі ұпай кем жинады. “Астана” сапынан үшінші кезеңнің екінші жартысында да Энтони Хики мен Максим Марчук доп салды. Ал кезеңнің аяғына қарай, Скайлар Спенсер еншілеген екі ұпайдан кейін, астаналық гандикап 30 ұпайға жетті – 52:82. Отыз ұпай, әрине, айқын басымдық, әрі оның есесін қайтаруға бір кезең аздық етеді, оның үстіне, бүгінгі ойын өрісінде ол мүмкін де емес еді. Сондықтан біздің команданың жеңіске жететіндігіне, енді ешкім де күмін келтіре алмады. Оның үстіне, соңғы он минуттың басында қостанайлықтардың ойын өрнектері үйлеспей қойды. Оларға осы кезеңдегі алғашқы ұпайларын еншілеуге үш мнуттан артық уақыт қажет болды. ал осы уақыт ішінде біздің сапымыздан екі рет Скайлар Спенсер доп салып, Руслан Айтқали екі ұпай еншіледі. Кезеңнің ортасына қарай Рустам Мырзағалиев қатарынан төрт ұпай олжалады. Ал біздің басымдығымыз 40 ұпайды жуықтады. Вадим Щербак және Андрей Литвиненко салған үш ұпайлық доптардан соң “Астана” басымдығы қырық ұпайдан асып кетті, ал Щербак іле-шала біздің ұжымның ұпай қорын 100 балға жеткізді. Руслан Айтқали тағы екі ұпай еншілеп, бұл осы матчқа қойылған нүкте болып шықты. Себебі, соңғы мминуттарда екі команда да ұпай еншілей алмады. Сөйтіп, “Астана” тағы да “Тобылды” тізе бүктірді, бұл ойынның қорытынды есебі – 60:102.


Ең көп ұпай еншілегендер: 

  • «Тобыл» – Антон Быков бұл ойында 19 ұпай жинап, 8 рет доп қағып алып, 3 рет допты тартып алды, Максим Воейков өз еншісіне 15 ұпай жазып, 5 рет доп қағып алды.
  • «Астана» – Энтони Хики өте тиімді ойын өрнегін көрсетіп, 19 ұпай еншіледі, 5 рет доп қағып алып, 5 пас берді және 6 рет допты тартып алды. Максим Марчуктің еншісінде – 17 ұпай, 3 рет доп қағып алып, 3 рет допты тартып алды. Рустам Мырзағалиев 12 ұпай жинап, 2 рет доп қағып алды, 5 пас беріп, 3 рет допты тартып алды. Скайлар Спенсер мен Николай Бажин 10 ұпайдан еншілеп, екеуі де 2 рет допты тартып алды. Спенсер бұған қоса, 3 рет доп қағып алды және 1 блокшот.


Салдары: “Астана” Ұлттық лигадағы жеңіліссіз ойындарын одан әрі жалғастырып, кқшбасшылық мәртебесін нығайта түсті. Ал “Тобыл” турнир кестесіндегі үшінші орыннан алыстап барады.

Келесі матч: “Тобылмен” өтетін өзара екінші матч ертең, яғни 20 қаңтар күні, астанадағы “ Сарыарқа ” велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 19:30-да. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құлылған жылы: 2003 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: ССК «Қостанай»
Қала: Қостанай Сайт: www.bctobol.kz

Сипаттамасы

«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
  • Жоғары лигасының жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
  • Жоғары лигасының күміс жүлдегері: 2010/2011
  • Қазақстан кубогының иегері: 2005
  • Қазақстан кубогының финалына шықты: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 2020
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018

Команданың жалпы суреті

Тобыл