Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXX Қазақстан Чемпионаты
Астана
Астана
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
19.01.2022, 17:30 Ср
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
102:60
Негізгі уақыт
31:21 29:16 22:15 20:8
Ойын нөмірі: 33
Көрермен: 0
Тобыл
Қостанай

«Астана» 2022 жылды өз алаңында «Тобылмен» бастайды

18.01.2022, 10:30    Просмотров: 154
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

19 және 20 қаңтар күндері Астана» баскетбол клубы жаңа жылдағы алғашқы ойындарын өткізеді. Өз алаңында, яғни «Сарыарқа» велотрегі аренасында біздің команда Ұлттық лига аясындағы алғашқы екі ойынын өткізіп, тағы да «Тобылды» қабылдайды. Негізі, бұл матчтар Қостанайда өтуі керек болатын, бірақ екі команданың өзара келісімімен астанаға ауыстырылды. Бірінші ойын, астана уақытымен 17:30-да, ал екіншісі 19:30-да басталады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! — Коронавирус нәубеті салдарынан, астанаға енгізілген шектеу шараларына байланысты матч көрерменсіз, бос трибуналарда өтеді.


«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан, 2003 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2020/2021
  • Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
  • Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
  • Қазақстан кубогының иегері: 2005
  • Қазақстан кубогының финалына шыққан: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 2020, 2021
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018
 

Баскетбольный клуб Тобол 2021/2022

Алдағы екі ойын біздің команда мен Қостанай ұжымы арасындағы, Ұлттық лига додасы аясындағы, биылғы маусымдағы соңғы кездесулер болады. Бұған дейінгі екеуара төрт матчта да “Астана” айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қазанда Дарко Руссо шәкірттері Қостанайда 50 және 40 ұпай айырмасымен екі рет үстем түсті. Ал желтоқсан айының ортасында, астанада +59 және +63 доп айырмасымен тағы да күйрете жеңді. “Тобыл” біздің командамен өткен соңғы матчтан кейін небәрі екі ойын ғана өткізді. Әрі екеуінде де, өз алаңында “Атырау Барыстарына” есе жіберіп алды. Сөйтіп, қостанайлықтар 12 ойынның 3-еуінде ғана жеңіске жетіп, турнир кестесінде төртінші орынды иеленіп тұр. Ал біздің жігіттер болса, 12 ойынныі бәрін де жеңіспен аяқтап, соның арқасында командалар рейтингінде сенімді түрде көш бастап, алдағы кездесулерде фаворит болып есептеледі.

Команда құрамындағы өзгерістер: “Тобылдың” құрамы жарты маусым ішінде мүлдем өзгерген жоқ.

Команда көшбасшылары: Қостанай командасының негізгі қозғалтқыш күші, сол бұрынғысынша Шайым Қуанов пен Антон Быков болып саналады. Олардың әрқайсысы бір матчта орта есеппен он бес ұпайдан еншілеп жүр. Сонымен қатар, Павел Ильин мен Максим Воейковты да бөле-жара атап өтуге болады. Сондай-ақ, Рустам Валиев, Асқар Ахметжан және Никита Тимофеев үшеуі үнемі алаңға шығып келеді.

Матчтар астанадағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Бірінші ойын сәрсенбі күні, астана уақытымен 17:30-да, ал бейсенбідегі екінші матч 19:30-да басталады. Екі ойынның да онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2003 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: ССК «Қостанай»
Қала: Қостанай Сайт: www.bctobol.kz

Сипаттамасы

«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
    Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
    Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017/2018, 2019/2020, 2020/2021
    Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
    Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
    Жоғарғы лиганың қола жүлдегері: 2014/2015
    Қазақстан кубогының иегері: 2005 ж
    Қазақстан кубогының күміс жүлдегері: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 219, 2020
    Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018 

Команданың жалпы суреті

Тобыл