ВТБ Бірыңғай лигасы 2020/2021
ПАРМА
Пермь
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
17.12.2020, 20:30 Бс
Арена: ӘСС «Молот» (Пермь)
83:84
Негізгі уақыт
24:16 23:35 20:19 16:14
Ойын нөмірі: RS-65
Көрермен: 1319
Астана
Астана

«Астана» өтіп бара жатқан жылы түздегі соңғы ойынын Пермде өткізеді

16.12.2020, 18:00    Просмотров: 390
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы жаңа жыл қарсаңындағы, ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы сапарын Пермь қаласында аяқтап, онда жергілікті «Парма» клубымен кездеседі. Матч бейсенбі күні, 17 желтоқсанда өтеді. Басталуы – астана уақытымен 20:30-да.

«ПАРМА» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Пермь өлкесінен, 2012 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2015/2016, 2018/2019
  • Ресей кубогының қола жүлдегері – 2016/2017
  • Ресей суперлигасының қола жүлдегері – 2015/2016


Команда құрамы:

«Парма» – бұл маусымда былтырғымен салыстырғанда, құрамын аса өзгерте қоймаған азын-аулақ командалардың бірі. Егер пермдіктердің ВТБ Бірыңғай лигасындағы былтырғы және биылғы маусымдардағы құрамдарын салыстырар болсақ, онда небәрі үш ойыншыны ғана таппаймыз, әрі үшеуі де ресейліктер – маусымға тіркеген құрамдарында тәжірибелі ойыншылар Артем Забелин мен Евгений Валиев, сондай-ақ өрімдей жас Тимофей Якушев жоқ.

Парма баскетбол клубы  2020/2021

Былтырғы маусымнан он үш ойыншы бірдей «Парма» сапында ВТБ Бірыңғай лигасы додасын қыздырып жүр. Сөйтіп, Пермь ұжымы былтырғы маусымдағы командасының негізін және бастапқы бестігін түгелдей сақтап қалды. Әрі барлық легионерлерін де қалдырды, олардың бәрі Пермнен кеткен жоқ. Бұл ретте, аса тәжірибелі америкалық қорғаушылар Лоренцо Вилльямс пен Роберт Джонсонды, әрі олардан кем түұспейтін тәжірибелі Литва ойыншылары – қорғаушылар Адас Юшкявечусті және шабуылшы Эйгирдас Жукаускасты, сондай-ақ алып шыбуылшылар, латыш Марекс Мейерис пен серб Борис Савовичті бөле-жара атап өтуге болады.Сонымен қатар, команда сапында жеті бірдей ресейлік ойыншылар да қалды: Максим Григорьев, Николай Жмако, Константин Буланов, Глеб Шейко, Александр Платунов, Егор Чернышов және Вадим Бондаренко. Пермь командасының ВТБ Бірыңғай лигасындағы жаңа ойыншлары – екеу-ақ, әрі екеуі де ресейлік ойыншылар. Шабуылшы Александр Куров әлі өрімдей жас, қыркүйек айында ғана жиырмаға толды. Ал орталық шептегі Владимир Ивлев өте тәжірибелі ойыншы, «Пармаға» “Локомотив-Кубань” командасынан ауысып келді. Онда төрт маусым ойнаған, оған дейін “Нижний Новгород” және “Динамо Мәскеу” командаларында өнер көрсеткен.

Бас бапкер:

Ойыншылары құрамын толықтай дерлік сақтап қалған «Парма» бапкерлері құрамын да, былтырғы маусыммен салыстырғанда, мүлдем өзгерткен жоқ. Команданы сол бұрынғысынша Литва маманы Казис Максвитис басқарады. Оған оның отандасы Гинтарас Кадзиулис және ресейлік жаттықтырушылар Вячеслав Шушаков пен Вениамин Анисимов көмектеседі.

Казис Максвитис

Команда көшбасшылары:

«Парманың» ең көп ұпай жинаған және ең тиімді ойыншысы, яғни көшбасшысы – литвалық Адас Юшкявичус. Одан Балтық жағалауының тағы екі ойыншысы қалысар емес – Марекс Мейерис пен Эйгирдас Жукаускас. Серб Борис Савовович пен ресейлік Николай Жмако да өрнекті ойын үлгісін көрсетіп келеді. Сонымен қатар, америкалықтар Роберт Джонсон пен Лоренцо Уилльямс, сондай-ақ ресейлік Владимир Ивлев бастапқы бестік ойыншылары болып саналады. Пермдіктердің бапкерлері құрамы Максим Григорьев, Константин Буланов және Глеб Шейко сынды ресейлік ойыншыларды да алаңға жиі шығарып отырады.

Турнир кестесіндегі жағдай:

«Парма» дәл қазір төрт жеңісімен және үш жеңілісімен турнир кестесінің жетінші сатысында тұр. Пермь командасы биылғы маусымда көпшілікті қайран қалдырып, түзде ЦСКА және өз алаңында “Локомотив-Кубань” клубтарын тізе бүктірді. Сонымен қатар, түзде “Автодорды” да ұтып кетті. Алайда олардың сәтсіздікке ұшыраған кезеңі де болып, үш рет қатарынан жеңілістің кермек дәмін татты. Атап айтқанда, өз алаңында ойламаған жерден “Енисейге”, түзде “Нижний Новгородқа” есе жіберіп алды. Әрі өз алаңында ЦСКА-ның есе қайтаруына мүмкіндік беріп алып, ойсырай ұтылды. Соңғы ойындарын пермдіктер Минскіде өткізіп, “Цмоки-Минск” командасынан үстем түсті. Ал “Астананың” жағдайы көңіл көншірліктей емес, әзірше – сегіз ойыннан кейін біздің команда турнир кестесінің тоғызыншы сатысын иеленіп тұр, небәрі екі ойында ғана жеңіке жетті.

Кездесулер тарихы:

Пермь және Нұр-Сұлтан командалары екеуара сегіз рет додаға түсті, оның жетеуі ВТБ Бірыңғай лигасы аясында өтті. «Парма» біздің команданы үш рет ұтты, оның екеуіне ғана ВТБ Бірыңғай лигасы аясында қол жеткізді. Бірақ былтырғы маусымда «Парма» мен «Астананың» Пермде бір ойын ғана өткізіп, онда алаң иелері тек овертаймда басым түскендерін атап өткен жөн.  Бұл ретте, «Парма» өз құрамын мүлдем дерлік өзгертпегендігін тағы да бір рет атап өту маңызды, «Астананың» жаңа құрамының олармен тайталасуға қаншалықты дайын екендігін алдағы ойын көрсетеді.

Қызықты деректер:  

  • «Парма» мен “Астана” арасындағы соңғы кездесуде доп додасы овертаймға дейін ұласқан, бірақ онда “Астана” есе жіберіп алған.
  • Сонымен қатар, «Парманың» биылғы маусымда ЦСКА және “Локомотив-Кубань” секілді азулы командаларды ұтып, бірақ “Енесейден” ұтылып қалғанын атап өтуіміз керек.


Матч бейсенбі күні, 17 желтоқсанда Пермдегі «Молот» Спорт сарайының аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 20:30-да. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде, сонымен қатар QazSport телеарнасында тікелей эфирде жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2012 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Ресей Арена: ӘСС «Молот»
Қала: Пермь Сайт: parmabasket.ru

Сипаттамасы

«ПАРМА-ПАРИ» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Пермь қаласынан, 2012 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2015/2016, 2018/2019
  • Ресей кубогының қола жүлдегері – 2016/2017
  • Суперлиганың қола жүлдегері – 2015/2016
  • ФИБА Еуропа Кубогының төрттік финалының қатысушысы — 2021

Команданың жалпы суреті

ПАРМА