Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXVIII Қазақстан чемпионаты
Астана
Астана
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
05.02.2020, 19:30 Ср
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
0:20
Техникалық жеңіліс
Ойын нөмірі: 60
Көрермен: 0
Синегорье
Көкшетау

«Астана» Ұлттық лига додасын техникалық жеңіліспен тәмамдады

05.02.2020, 22:00    Просмотров: 489
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

Ұлттық лига чемпионатының негізгі додасындағы «Астана» Президенттік баскетбол клубы мен Көкшетаудың «Синегорье» командасы арасындағы соңғы матч Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтуі керек болатын. Алайда бұл ойын елорда командасының өз алаңындағы техникалық мәселелерге байланысты өтпей қалды. Сондықтан «Астана» Президенттік баскетбол клубына техникалық жеңіліс жазылды – 0:20.

Құрметті жанкүйерлер, клуб бұл қолайсыздық үшін сіздерден кешірім сұрайды. Мұндай фарс-мажорлық жағдайларда матчтың өтпейтіндігін алдын-ала ескерту мүмкін емес. Сіздер бәрін де түсінеді деген үміттеміз.

Сөйтіп, Ұлттық лига чемпионатының негізгі додасында бұл «Астананың» жалқы жеңілісі болды. Ал оның қорытындысы бойынша, біздің жігіттер бірінші орынға ие болды. енді астана командасы плей-офф додалары арқылы чемпиондық атағын қорғап қалуға тырысады. Бұл додалар бір айдан астам уақыттан кейін, наурыз айының ортасында басталады. Сондай-ақ, наурыз айында Эмиль Райковичтің командасына Қазақстан кубогының жеңімпазы атағын да қорғап қалу керек. Ел кубогы 25-27 наурыз аралығында Қостанай қаласында сарапқа салынады. «Астананың» Қазақстан кубогының жартылай финалындағы қарсыласы іріктеу сатысындағы «Синегорье» және «Каспий» арасындағы екі матчтық додада анықталады. Бұл командалар 10 және 13 ақпан күндері кездеседі. Ал Ұлттық лиганың жартылай финалындағы қарсыласымыз ширек финалдағы «Синегорье» және «Ақтөбе» жұбында жеңіске жеткен команда болады.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Естеріңізге сала кетейік, Ticketon.kz сайтында елорда командасының ВТБ Бірыңғай лигасы аясында, өз алаңында, өткізетін алдағы ойындарына билеттер сатыла бастады – 10 ақпан күні ЦСКА (Мәскеу) және 14 ақпанда «Химки» (Мәскеу облысы) клубтарымен.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2000 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: БЖСМ «Триатлон»
Қала: Көкшетау Сайт: www.scsg.kz

Сипаттамасы

«Синегорье» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Көкшетау қаласынан. 2017 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионаты Жоғарғы лигасының қола жүлдегері: 2017/2018.

Команданың жалпы суреті

Синегорье