«Астана» Ұлттық лига додасын техникалық жеңіліспен тәмамдады

05.02.2020, 22:00    Оқылғаны: 488
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Ұлттық лига чемпионатының негізгі додасындағы «Астана» Президенттік баскетбол клубы мен Көкшетаудың «Синегорье» командасы арасындағы соңғы матч Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтуі керек болатын. Алайда бұл ойын елорда командасының өз алаңындағы техникалық мәселелерге байланысты өтпей қалды. Сондықтан «Астана» Президенттік баскетбол клубына техникалық жеңіліс жазылды – 0:20.

Құрметті жанкүйерлер, клуб бұл қолайсыздық үшін сіздерден кешірім сұрайды. Мұндай фарс-мажорлық жағдайларда матчтың өтпейтіндігін алдын-ала ескерту мүмкін емес. Сіздер бәрін де түсінеді деген үміттеміз.

Сөйтіп, Ұлттық лига чемпионатының негізгі додасында бұл «Астананың» жалқы жеңілісі болды. Ал оның қорытындысы бойынша, біздің жігіттер бірінші орынға ие болды. енді астана командасы плей-офф додалары арқылы чемпиондық атағын қорғап қалуға тырысады. Бұл додалар бір айдан астам уақыттан кейін, наурыз айының ортасында басталады. Сондай-ақ, наурыз айында Эмиль Райковичтің командасына Қазақстан кубогының жеңімпазы атағын да қорғап қалу керек. Ел кубогы 25-27 наурыз аралығында Қостанай қаласында сарапқа салынады. «Астананың» Қазақстан кубогының жартылай финалындағы қарсыласы іріктеу сатысындағы «Синегорье» және «Каспий» арасындағы екі матчтық додада анықталады. Бұл командалар 10 және 13 ақпан күндері кездеседі. Ал Ұлттық лиганың жартылай финалындағы қарсыласымыз ширек финалдағы «Синегорье» және «Ақтөбе» жұбында жеңіске жеткен команда болады.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Естеріңізге сала кетейік, Ticketon.kz сайтында елорда командасының ВТБ Бірыңғай лигасы аясында, өз алаңында, өткізетін алдағы ойындарына билеттер сатыла бастады – 10 ақпан күні ЦСКА (Мәскеу) және 14 ақпанда «Химки» (Мәскеу облысы) клубтарымен.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»