Клуб

Арена

«Жекпе-жек» жауынгерлік өнерлер спорт сарайы

«Жекпе-жек» жауынгерлік өнерлер спорт сарайы Нұр-Сұлтанда 2019 жылы шілде айында ашылған. Аталмыш спорт кешенінің ашылу салтанаты Қала күніне орай ұйымдастырылды. Ал бұл аренадағы ең алғашқы маңызды оқиға жауынгерлік өнер фестивалі болды. Сәулетті спорттық кешен Қазақстан Республикасы астанасының тағы бір мақтан тұтар көрнекті ғимаратына айналды. Жекпе-жек өнерлері сарайы футуристикалық стилде жобаланған. Спорт сарайы ғимараты қалықтап ұшып бара жатқан бүркітті сомдайтын үш бұрышты формада салынған. Жауынгерлік өнер сарайы қазақ тілінде «Jekpe-jek» деп аталады.

Жауынгерлік өнер сарайы сыйымдылығы – 5 000 адам. Сонымен қатар, залда VIP-орындар, скайбокстар, төрешілер трибуналары, спорт комментаторларына арналған кабинкалар және журналистерге арналған 54 орынды қазіргі заман талабына сай пресс-орталық бар.

Жекпе-жек жауынгерлік өнерлер спорт сарайы

Жекпе-жек жауынгерлік өнерлер спорт сарайы


Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010017, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 43 (Керей, Жәнібек хандар көшесі қиылысы).

Автобустар маршруты:

  • «Қан орталығы ҒӨО» аялдамасы – 50, 51, 53, 61;
  • «Астана-Арена стадионы» аялдамасы – 10, 12, 37, 51, 53, 60, 301, 302, 303, 308, 309;
  • «Aлтын Tulip» ТК аялдамасы – 40
 

«Сарыарқа» республикалық велотрегі

«Сарыарқа» республикалық велотрегі — әлемдегі ең жақсы спорттық кешендердің бірі ретінде танылған, велосипедшінің шлемі түрінде жасалған Қазақстанның ерекше сәулет нысандарының бірі.

«Сарыарқа» велотрегі 2011 жылы салынған. Ол Есіл өзенінің сол жағалауында, Қазақстанның астанасы — Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Спорт кешені екі функционалды нысандардан тұрады: велотрек және мұз аренасы. Аренаның сыйымдылығы — 9 195 орын.



Қазақстан Республикасы, 010017, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 45 А.

Қабылдау бөлмесі: +7 (7172) 70 71 73

Баратын автобустар: 10, 12, 27, 40, 41, 43, 51, 100, 101