«Астана» түзде Эстонияның «Калев» клубымен кездеседі

11.03.2019, 08:00    Оқылғаны: 460
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
Бүгін, 11 наурыз күні, Астана уақытымен 23:00-де, Астана» Президенттік баскетбол клубы түзде Эстонияның «Калев» клубымен ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионаты аясында додаға түседі.

«Калев» – Эстонияның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Таллинн қаласынан. 1920 жылы құрылған.
 
Жетістіктері:
  • КСРО чемпионы − 1991.
  • Эстония чемпионы − 2000, 2005, 2006, 2009, 2011, 2012, 2013, 2014, 2016, 2017, 2018
  • Эстония чемпионатының күміс жүлдегері – 2015
  • Эстония кубогының жеңімпазы − 2005-2008, 2016, 2017

Биылғы маусымда бұл екі команда кездесіп, өткен жылдың 16 желтоқсанында елорда төрінде ысқырығы безілдеген матчта «Астана» Эстонияның «Калев» клубын 105:78 есебімен тізе бүктірген болатын. Бүгінге дейін екі команда да 18 ойынан өткізді. «Астана» оның 12-сінде жеңіске жетсе, «Калевтің» еншісінде – 8 жеңіс және 10 жеңіліс.

«Калев» баскетбол клубы «Астана» командасынан есе қайтара ала ма, әлде біздің командамыз жеңісті жолын одан әрі жалғап, алтыншы рет қатарынан басым түсе ме, оны бүгін 11 наурыз күні, Астана уақытымен 23:00-де білетін боламыз. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде жүргізіледі.
 
Елорда клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы келесі кездесуін өз алаңында өткізіп, Беларусь елінің «Цмоки-Минск» командасын қабылдайды. Бұл матч 17 наурыз күні «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Матчтың басталуы – 20:00-де. Билеттердің онлайн сатылымы – Ticketon.kz сайтында.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»