ВТБ Бірыңғай лигасы 2018/2019
Калев
Таллинн
ВТБ Бірыңғай лигасы, Тұрақты біріншілік
11.03.2019, 23:00 Дс
Арена: Kalevi Spordihall (Таллин)
102:74
Негізгі уақыт
22:13 26:14 26:21 28:26
Ойын нөмірі: RS-62
Көрермен: 1300
Астана
Нұр-Сұлтан

«Калев» «Астананың» аптығын басты

12.03.2019, 08:00    Просмотров: 79
Источник: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
Эстонияның «Калев» клубы өз алаңында қазақтың «Астанасынан» басым түсті – 102:74 (22:13, 26:14, 26:21, 28:26).

Биылғы маусымда нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп, көпшілікті тәнті қылып жүрген «Калев» (8-10) және «Астана» (12-6) клубтары осы кездесуге дейін 8-ші және 5-ші орындарды иеленіп тұрған болатын. Лигадағы жеңісті сериясы бәрінен ұзақ (5) Қазақстан клубы матчтың бірінші жартысында білгенінен жаңылып, ойын өрнегін үйлестіре алмай қойды. Бастапқы бес минутта небәрі 3 ұпай еншілеген (3:10) қонақтар кездесудің бірінші жартысында мардымды ештеңе шығара алмай дал болды (доға сыртынан лақтырған 9 доптың 1-еуін ғана түсірді, ойыннан 32%). Ал алаң иелері алыстай берді. Кежегелері кері тартқан жағдайды шығыршықтан қайтқан допты қағып алудан есе жіберіп алулары да толықтыра түсті – 15-29. Эстондар бойлары аласарақ Бранко Миркович – Чавон Льюис – Тони Ротен үштігінің жанкештілік танытуларының арқасында 20 минуттан кейін қара үзіп кетті – 48:27.

Алаңдағы орындарын ауыстырғаннан кейін де ештеңе өзгерген жоқ. «Калев» шығыршықтан қайтқан допты қағып алуды одан әрі жалғастырып, қорғаныста өрескел қателік жібермей, ұпай қорын ұлғайта берді. Үшінші кезеңде тағы да 5 ұпай айырмасымен басым түсіп (26:21), эстондар бұл ойында қай команданың жеңіске жететіндігін айқындап берді. Әрі жеңісті уыстарынан шығармай, плей-офф аймағына жайғасып, орнығып алды.

 

Ең көп ұпай еншілегендер:
  • «Калев»: Арнетт Моултри (20 + 11 рет доп қағып алды), Бранко Миркович (18), Тони Ротен (17 + 8 пас).
  • «Астана»: Энтони Клеммонс (18 + 5 пас), Джеффри Гросселл (14 + 8 рет доп қағып алды), Кеннет Хортон (11 + 11 рет доп қағып алды).

«Калев» клубының бас бапкері  Дональдас Кайрис:
— Бүгінгі жеңісімізге өте қуаныштымын және өзімді бақытты сезініп тұрмын. Біз плей-оффқа ілігу үшін барымызды салып жүрміз. Сондықтан қазір бізге әрбір жеңіс – қымбат. Әйтсе де бәрінен де маңыздысы, біз бүгін команда ретінде әрекет еттік. Жігіттер жұмыла қимылдап, тізе қоса ойнады. Әрі бұдан нәтиже шықты. Команданы құттықтаймын, біз қайсарлық танытуды одан әрі жалғастырамыз!


«Астана» клубының бас бапкері  Эмиль Райкович:
— «Калев» клубын құттықтаймын. Олар бүгін тамаша ойын өрнегін көрсетті. Біз олардың қыспақтары мен қатаң қысымдарына жауап қата алмай қалдық. «Калев» команда ретінде әреке етіп, шығыршықтан қайтқан допты қағып алуда бізден әлдеқайда асып түсті. Біз қарсылық көрсете алмадық, ойыншыларымыз эмоциональды тұрғыда қалжыраған кейіпте болды. Біздің жоғары орындарға таласа алатын мүмкіндігіміз болған еді. Алайда бұл ойын өзіміздің константамызға оралуымыз керек екендігін көрсетіп берді. Ал бұл – қорғаныста ұқыптылық танытып, әрбір ойын сәтінде шектен тыс мұқият болу. Егер біз мұны ұмытсақ, онда бәрінен де ұтыламыз.


Елорда командасы келесі ойындарын түзде өткізеді. Астаналықтар 13 және 14 наурыз күндері Алматыға қонаққа барып, онда ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында «Алматы легионы» баскетбол клубымен додаға түседі.

Ал ВТБ Бірыңғай лигасындағы келесі кездесуін өз алаңында өткізеді. 17 наурызда, жексенбі күні елордалықтар Беларусь елінің «Цмоки Мински» баскетбол клубын қабылдайды. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымға шығып та қойды.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құлылған жылы: 1920 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Эстония Арена: «Саку Суурхалль»
Қала: Таллинн Сайт: www.bckalev.ee

Сипаттамасы

«Калев» – Эстонияның ерлер арасындағы баскетбол клубы, Таллинн қаласынан, 1920 жылы құрылған.
    
Жетістіктері:
  • КСРО чемпионы − 1991
  • Эстония чемпионы − 2000, 2005, 2006, 2009, 2011, 2012, 2013, 2014, 2016, 2017, 2018
  • Эстония Чемпионатының күміс жүлдегері – 2015
  • Эстония кубогының жеңімпазы − 2005−2008, 2016, 2017

Команданың жалпы суреті

Калев