ВТБ Бірыңғай лигасы 2018/2019
Астана
Нұр-Сұлтан
ВТБ Бірыңғай лигасы, Тұрақты біріншілік
17.03.2019, 20:00 Жс
Арена: Велотрек «Сары-Арқа» (Нұр-Сұлтан)
101:71
Негізгі уақыт
20:19 24:20 30:20 27:12
Ойын нөмірі: RS-139
Көрермен: 1768
Цмоки-Минск
Минск

«Астана» өз алаңында Беларустің «Цмоки Минск» клубын қабылдайды

13.03.2019, 13:00    Просмотров: 157
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
 Жексенбі күні, 17 наурызда, «Астана» Президенттік баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионаты аясында Беларустің «Цмоки-Минск» баскетбол клубын өз алаңында қабылдайды.
 

«Цмоки-Минск» – Беларусь елінің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Минск қаласынан. 2006 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Беларусь чемпионы − 2009−2018
  • Беларусь кубогының жеңімпазы − 2010−2018

Командалар биылғы маусымның басында, 13 қазан күні Минск қаласында кездескен. Онда елорданың «Астана» клубы «Цмоки-Минск» командасынан басым түскен болатын — 86:93. «Астана» өткен дүйсенбіде Таллинде ұтылып қалғанына қарамастан, турнир кестесінде әлі 5-ші орында тұр. Әрі алдағы жексенбіде, өз жанкүйерлерінің көмегімен, сол жеңілісінің есесін қайтару үшін бар күш-жігерін салады. Беларустің «Цмоки-Минск» клубы болса, ВТБ Бірыңғай лигасының турнир кестесінде соңғы орында тұр. Олар 17 ойында небәрі 2 рет қана жеңіске жеткен.

Біз сіздерді 17 наурыз күні «Сарыарқа» республикалық велотрегі трибуналарында күтеміз (Қабанбай батыр даңғылы, 42). Матчтың басталуы – 20:00-де. Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып ала аласыздар. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Астана»ВТБ лигасындағы ең үздік нәтижесін қайталады

18.03.2019, 08:00    Просмотров: 175
Источник: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
Қазақтың «Астанасы» өз алаңында Беларустің «Цмоки-Минск» клубын ойсырата ұтты – 101:71 (20:19, 24:20, 30:20, 27:12).

«Айдаһарлар» Қазақстан астанасына өткен турда «Астана» клубын тізе бүктірген «Калев» клубының жетістігін қайталауға ниеттеніп келген еді. Алаң иелерінің матч басындағы жоғары қарқындары Александр Кудрявцевтің үш ұпайлық добынан кейін су сепкендей басылды. Бірінші кезеңнен кейін елордалықтар небәрі «+1» ұпаймен ғана алда тұрды. Екінші кезеңде Джеффри Гросселл көсіле сілтесе де (10 ұпай), қазақстандықтар ойын өрнегін түпкілікті өзгерте алмады. Үлкен үзіліске командалар 44:39 есебімен шықты. «Астана» сәл ғана басымдықпен алда тұрды.


Ойынның екінші жартысын «Цмоки» аса жоғары қарқында бастады. Команданың жаңа ойыншысы Владимир Михайлович қатарынан бес ұпай еншілеп, таразы басын теңестірді – 44:44. Бірақ «Астана» бірте-бірте бауырын жазып, ойын тізгінін өз қолына ала бастады. Джеффри Гросселл мен Джей Джей О’Брайан жұбы қонақтардың трапеция тәріздес аймағында үстемдік құрды. Үшінші 10-минуттықтың соңында Майкл Дженкинс құйындай орап соғып, осы кезеңде 10 ұпай еншіледі де, «Астананың» екі таңбалы сан айырмасымен алға шығуына өз үлесін қосты. Бұдан кейін алаң иелерін тоқтату мүмкін болмады. Олар ірі жеңіске қол жеткізді. Соңғы минутта Александр Жигулин өз командасының үшінші рет «жүзден» асып түсуіне ықпал етті.
 

Ең көп ұпай еншілегендер:
  • «Астана»: Джеффри Гросселл (24+10 рет доп қағып алды), Майкл Дженкинс (17), Джей Джей О’Брайен (16+6 пас), Стивен Холт (12).
  • «Цмоки-Минск»: Владимир Михайлович (23), Зисис Сарикопулос (13+6 рет доп қағып алды), Девон Саддлер (11).

Үздік ойыншы — Джеффри Гросселл. «Цмоки» клубының алғы шебі «Астананың» орталық шептегі ойыншысына қарсы әрекет етудің еш амалын таппады. Ол ойынның жарты сағатқа да жетпейтін уақытында дабл-дабл жасады – 24 ұпай еншілеп, 10 рет шығыршықтан қайтқан допты қағып алды.

Цифр — 13 жеңіс. «Астана» 2014/2015 жылдар маусымында қол жеткізген өз рекордын кайталап, жеңістерінің саны бойынша «Локомотив-Кубань» клубымен теңесті.

«Астана» клубының бас бапкері Эмиль Райкович:
— Өз командамның ойынына ризамын. Бүгін ірі есеппен жеңіске жеткеніміз маңызды болды. «Калев» клубынан ұтылып қалғанда, ұнжырғамыз түсіп кеткен. Бүгінгі жеңісімізден соң плей-оффта бақ сынайтындығымызға күмән келтіруге болмайды деп ойлаймын. Биылғы маусымда бізді көбісі ойын өрнегімен тәнті қылып жүрген команда деп санайды. Шынымен де, біз бірнеше азулы команданы таң қалдырып кеттік. Енді нағыз қызықты баскетбол ойынын көрсететін уақыт туды. Өйткені, маңызды матчтарға тым аз қалды.


«Цмоки-Минск» клубының бас бапкері Ростислав Вергун:
— «Астананы» жеңісімен құттықтаймын. Неғұрлым жоғары өрлеп, плей-оффта бақтары жануына тілектеспіз. Бүгін біз құрамымыздағы ойыншылардың аз болғандығының сазайын тарттық. Бізде бүгін 9 адам ғана ойнауға дайын болды. Ойынның кейбір сәттерінде күш-жігеріміз жетпей қалды. «Астана» ойыншыларын жиі ауыстырып, айылдарын жимай батылырақ ойнап, басымдыққа ие болды. Әрі оны жүзеге асыра білді.


Елорда командасы келесі ойындарын түзде өткізеді. Астаналықтар 20 және 21 наурыз күндері Қостанайға қонаққа барып, жергілікті «Тобыл» баскетбол клубымен ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында додаға түседі.

ВТБ Бірыңғай лигасындағы келесі кездесуін де түзде өткізеді. 25 наурыз күні елорда баскетболшылары Мәскеу түбіндегі «Химки»  баскетбол клубымен кездеседі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құлылған жылы: 2006 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Белоруссия Арена: Falcon Club
Қала: Минск Сайт: www.bc-tsmoki.by

Сипаттамасы

«Цмоки-Минск» – беларустің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Минск қаласынан.

Жетістіктері:
  • Беларусь чемпионы – 2009−2018
  • Беларусь кубогының жеңімпазы – 2010−2018

Команданың жалпы суреті

Цмоки-Минск