Клуб

Серіктестер

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес, «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг акционерлік қоғамын» біріктіру жолымен құрылды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру үшін және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге жайсыз әсер етуі ықтимал факторларынан сақтандыру үшін құрылды.
 
Қорды негізгі мақсаты ұзақ мерзімді құндылықтарын күшейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылады.
 

Қор қызметінің негізгі қағидаттары болып табылатындар:

  • қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау;
  • қордың және оның компаниялары қызметтерінің ашықтығы, тиімділігі және икемділігі;
  • шешімдер қабылдауда және оларды жүзеге асыру кезінде жүйелілік және шұғылдық;
  • жауаптылық және есеп беруге міндеттілік.
 
Қор қызметінің негізгі бағыттары болып табылатындар:
  • ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу;
  • ел экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу;
  • компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру.


«Астана» Президенттік клубы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылды және халықаралық спорттық аренада «Астана» ұлттық брендін сомдайды.


«Астана» кәсіби спорт клубы туы астына еліміздегі ең жетекші спорттық жобалар топтастырылған – «Astana Pro Team» кәсіпқой велокомандасы, «Астана» футбол клубы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» баскетбол клубы, «Astana Motosports» ралли-рейд командасы, «Astana Arlans» бокс клубы.