Клуб

Арена

Велошабандоз дулығасы пішінінде салынған республикалық велотрек – замануи соны спорттық кешендердің бірі. Оның 44 мың шаршы метр жерді алып жатқан сәулетті ғимараты мен ауданында велотректің өзінен бөлек әр түрлі спорт түрлеріне арналған спорттық залдар, фитнес орталық, бассейн, баскетбол алаңы, мұз айдыны, басқосулар өткізетін залдар, мейрамхана және қонақ үй кешендері орналасқан.

Спорттық кешеннің сыйымдылығы – 9200 отыратын орын. Азия ойындарынан кейін әр түрлі республикалық және халықаралық жарыстар өткізу мақсатында пайдаланылып келеді. Сонымен қатар, аталмыш кешенді концерттер, басқосу-жиындар, брифингтер өткізуге пайдалануға болады.

Қазақстан Республикасы, 010017, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 45 А.

Қабылдау бөлмесі: +7 (7172) 70 71 73

Баратын автобустар: 10, 12, 27, 40, 41, 43, 51, 100, 101