Қазақстан Республикасының Кубогы – баскетболдан ерлер арасындағы Ұлттық дода, Қазақстан Республикасы Ұлттық Баскетбол Федерациясының 2003 жылғы бастамасымен өткізіледі.
Қазақстан кубогына Ұлттық және Жоғары лигаларда ойнайтын командалар қатысады. 2015 жылдан бері ел кубогына, міндетті түрде, тек Қазақстан төлқұжаты бар ойыншылар ғана қатыса алады.
Турнирдің өткізілу жүйесі жыл сайын құрастырылатын, ҰБФ бекітетін және өкілетті органмен үйлестірілетін «Баскетболдан Қазақстан Республикасының кубогын өткізу туралы ережеде» көрсетіледі.