Командалар

Құрамы

22
Деондре
Паркс
Шабуылдаушы қорғаушы
Туған күні: 30.10.1992 (30) Туған жері: Флинт, Мичиган, АҚШ Азаматтығы: АҚШ Бойы: 185 см. Салмағы: 86 кг.
Деондре Паркс 1992 жылы 30 қазанда, Флинтте (Мичиган, АҚШ) дүниеге келген. Азаматтығы — АҚШ, амплуа — қорғаушы, бойы — 185 cм.

Ол Айова және Оңтүстік Дакота колледждерінде өнер көрсетіп, содан кейін «Ньюкасл Иглз» клубымен кәсіби келісімшартқа отырған. Деондре Англияда 2016/17 жылдар маусымында ойнап, өз командасымен Британ баскетбол лигасы кубогын жеңіп алады. Сондай-ақ, чемпионат додасының плей-офф сатысында финалға дейін жетеді.

Бұдан кейін ол Грузияға ойысып, маусымды бастан-аяқ Тбилисидің «Кактус» командасы сапында өткізеді. Әрі суперлигада ойын сайын ұпай еншілеу көрсеткіші бойынша көбасшы болады (20.8).

Паркс дәл осы көрсеткішін Кипр чемпионатында да қайталап, АЕЛ (Лимасол) командасында сенім үдесінен шығады – 18.8 ұпай әр матчта.

Сонымен қатар, ол Тунисте («ЕС Радес», ел чемпионатында топ жарып, плей-оффта финалға шыққан, 2019 жыл), Канадада («Эдмонтон Стингерс»), Израилде («Хапоэль Хевел Модиин») және Финляндияда («Вилпас Викингс» сапында лига чемпионы болған, 2021 жыл).

Оның соңғы өнер көрсеткен командасы – Венгрияның ЗТЕ клубы.