Командалар

Құрамы

30
Джеффри
Крокетт
Жеңіл шабуылшы
Туған күні: 16.10.1991 (32) Туған жері: Уотертаун, Нью-Йорк, АҚШ Азаматтығы: АҚШ Бойы: 201 см. Салмағы: 95 кг.
Джеффри Крокетт 1991 жылы 16 қазанда Уотертаун қаласында (Нью-Йорк, АҚШ) туған – америкалық кәсіпқой баскетболшы, жеңіл шабуылшы шебінде ойнайды.

Джеффри баскетболдағы карьерасы, 2010 жылы, Техас техникалық университетіне түскен соң бастаған. Төрт жыл білім алып қана қоймай, ол «Big 12 Conference» студенттердің спорттық конференциясы құрамына кіретін «Texas Tech Red Raiders» командасы сапында ойнап, жеңіл атлетикадан Ұлттық Университеттік Қауымдастықтың (NCAA) 1-ші дивизионында шыңдалады. Жас шабуылшы онда 125 ойын өткізіп, орта есеппен бір ойында 9,9 ұпай еншілеп, 5,4 рет доп қағып алып отырған.

Оқуын бітірген соң, Крокетт кәсіби карьерасын Италияда бастап, 2014/2015 маусымын осы елді екінші дивизионындағы – Serie A2 Basket – «Derthona Basket» командасы сапында өткізеді. Сондай-ақ, Italian LNP Жұлдыздар матчына қатысады. Келесі маусымны бірінші жартысын ол Жапония чемпионатында, «Shinshu Brave Warriors» командасы сапында өткізеді. Бірақ бұл маусымды Швейцария чемпионатында «SAM Massagno» командасымен тәмамдайды. Әрі чемпионат қорытындысы бойынша үздік шабуылшы атанады. 2016-2017 маусымында Италияға оралып, бір жылды «Forlì» және «Trapani» командалары сапында бөліп өткізеді. Жоғары нәтижелілігімен көзге түскен маусымы 2017/2018 жылдар болады, Джеффри бұл маусымда дат елінің «Bakken Bears» командасы сапында өнер көрсетіп, бұл ұжымға Дания кубогын жеіп алып, өз елінің чемпионы болуына көмектеседі. Сонымен қатар, ол финалдық додада MVP болып танылады. Франциядағы «Le Portel » командасымен өткізген 2018/2019 маусымында жарақаттан көз ашпайды. Маусым басында өкшесін жарақаттап алып, 2019 жылы қаңтар айында, яғни маусым соңында онысы қайта сыр беріп, көсіле сілтей алмайды. 2019/2020 жылдар маусымын Крокетт Ливан чемпионатындағы «Anibal Zahle» командасы сапында бастағанымен, Австралия Ұлттық Баскетбол Лигасындағы «South East Melbourne Phoenix» командасымен келісімшартқа отырады. Онда ол жарақат алып қалған бір ойыншыны уақытша алмастырады. Келісімшартыны мерзімі аяқталған соң, яғни 6 желтоқсан күні ол Ливанға қайта оралады. Бірақ Жаңа Зеландия чемпионатындағы «Canterbury Rams» командасымен келісімшартқа отырады. Бұл ұжымда бір айға жуық уақыт ойнап, міне, «Астанаға» ауысып отыр.

Фотомұрағат