«Астана» Пермге аттанады

25.11.2016, 17:00    Оқылғаны: 471
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Алдағы жексенбіде, яғни 27 қараша күні «Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірңғай лигасы аясындағы кезекті ойынын Пермде өткізіп, жергілікті «Парма» командасымен додаға түседі. Бұл матч – екі команданың ВТБ лигасының жыл сайынғы біріншілігіндегі алғашқы кездесулері. «Парма» БК ВТБ лигасында соңғы, 13-орында табан тіреп тұр.

Алдағы ойынға елорда баскетболшылары тыңғылықты дайындалды. Красноярскінің «Енисейін» жеңгеннен кейін грек маманы шәкірттерінің көңіл-күйлері де – көтеріңкі.

«Астана» ПБК бас бапкері Илиас Папатеодору алдағы матч жайлы өз ойын білдірген болатын:

– Түздегі ойындардың бәрі біз үшін жай ғана қиын емес, өте қиын екеніне сөз жоқ. Ал алдағы ойындағы ең басты қиындық, «Парма» клубының әлі жеңіске жетпегендігі болады. Өйткені олар бірінші рет жеңіске жету үшін бар күш-жігерлерін салады. Аянбайды. Ал ВТБ лигасында біздің команданың беделі аса жоғары емес, сондықтан қарсыласымыздың бізді ұтуға болады деп ойлайтыны анық. Оның үстіне, Литвада жаттығыу жиынын өткізіп жүріп, біз бұл командамен кездескенбіз, әрі сол ойында ұтылып қалғанбыз. Бірақ бұл жолы мүлде басқа ойын болады. Бізге әрбір ойын сәтінде табан тіресе додаға түсіп, әрбір доп үшін жанұшыра таласуымыз керек. Олай болмаса, онда біздің мүмкіндігіміз аз. Онсыз да, бізде таланттар мен артықшылықтарымыз көп емес, алайда бізде ең бастысы бар, ол – талпыныс!     
 
Естеріңізге сала кетейік, бұл ойын 27 қараша күні Астана уақытымен 18:30-да басталады. Сіздер ойынның трансляциясын ВТБ Бірыңғай лигасының сайтынан көре аласыздар.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»