Александр Ермаков — «Астана» ойыншысы!

08.06.2026, 15:00    Оқылғаны: 14
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Александр соңғы маусымда «Барсы Атырау» жүйесінде өнер көрсетіп, Қазақстанның Ұлттық және Жоғары лигаларында бақ сынады. 

Ұлттық Лиганың 2025/2026 жылдар маусымында Ермаков 20 матчқа қатысып, әр ойында орта есеппен 5.8 ұпай еншілеп, 3.1 рет допты алып, 2.3 пас беріп, 1.2 рет допты тартып алған. 

Сондай-ақ, шабуылшы Қазақстан Жоғары лигасында ойнап, «Барсы Атырау» жастар командасында сенімді ойын өрнегін көрсетіп, ұжымның көшбасшы ойыншыларының бірі болды. Онда Александр әр матчта орта есеппен 15.9 ұпай олжалап, 6.3 рет допты алып, 4.2 пас берген. Осы нәтижесінің арқасында ол командасының маңызды ойыншыларының бірі атанды. 

«Астанаға» қош келдің, Александр!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»