3 маусымда «Астана» баскетбол клубының маусым қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді

01.06.2026, 10:00    Оқылғаны: 18
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
3 маусым күні сағат 11:00-де «Saad» (Достық көшесі, 2) қонақүйінде «Астана» баскетбол клубының 2025/2026 жылдар маусымын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
 
Шараға қатысатындар:
  • «Астана» КБК бас директоры — Самсон Аракелян;
  • Бас бапкердің міндетін атқарушы — Антон Пономарев;
  • Команда капитаны — Рустам Мурзагалиев;
  • 2025/2026 жылдар маусымының үздік және Қазақстан Кубогының MVP ойыншысы — Асқар Майдекин;
  • Бас директордың орынбасары — Азамат Қабдылкәрімов;
  • Спорттық директоры — Валериюс Соколовас.
 
Баспасөз мәслихаты аясында спикерлер клубтың 2025/2026 жылдар маусымындағы ойынын қорытындылап, команданың FIBA WASL халықаралық турниріндегі нәтижесін айтып, «Астананың» алдағы маусымда алдына қойған мақсат-жоспарларымен бөліседі.
 
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін баспасөз мәслихатына қатысуға шақырамыз.
 
Күні: 3 маусым
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: «Saad» қонақүйі, Достық көшесі, 2
 
Аккредитация және қосымша ақпарат алу үшін байланыс
Томирис +7 701 999 11 51


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»