«Астана» Ақкөлдегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап әлеуметтік акция өткізді

25.05.2026, 18:30    Оқылғаны: 21
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» баскетбол клубы «Ақмола облысы білім басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау ортылығы» ММ тәрбиеленушілеріне арнап әлеуметтік акция өткізіп, Ақкөл қаласы баскетбол командасын Қазақстан Ұлттық Лигасы плей-офф кезеңі финалының алғашқы матчына қатысты.
 
Әлеуметтік акция «Астана» КБК бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және клуб серіктесі — «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» ҚҚ бірге өткізілді.
 
Бұл күні «Астана» өз алаңында ақтаулық «Каспийді» қабылдады. Жігіттер маусымның маңызды ойынында командаға қолдау көрсету үшін елордаға келіп, үлкен баакетбол мерекесінің бір бөлшегі болды.
 
Үлкен үзіліс кезінде «Астана» бас директоры Самсон Аракелян балалармен кездесіп, клуб атынан естелікке сыйлықтар табыстады.
 
Жас қонақтар осы арқылы ел чемпионатының финалын өз көзімен көріп қана қоймай, өздерін үлкен баскетбол отбасының мүшесі ретінде сезінді. Жігіттер командаға белсенді қолдау көрсетіп, залда жылы әрі эмоцияға толы атмосфераны жасауға көмектесті.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»