Рақмет, Кэмрон Блю!
Америкалық шабуылшы Кэмрон Блю екіжақты келісім бойынша астаналық клубтың сапынан кетті. Ойыншы «Астана» сапына биылғы жылдың наурыз айында қосылған еді.
Командамыздың құрамында Кэмрон 7 матч өткізіп, әр ойында орта есеппен 15.8 ұпай еншілеп, 4.8 рет допты алып және 1.2 пас берген.
Кэмронға команда нәтижесіне қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабына сәттілік тілейміз!