“Астана” Бакуге аттанып, онда жергілікті “Сабахқа” қарсы екі жолдастық матч өткізді. Командалар екі матчта да тартысқа толы, жылдамдығы жоғары және нәтижелі ойын өрнегін көрсетті. Ұлттық Лига мен WASL маусымындағы үзіліс кезінде астаналық команда ойын тәжірибесінен қол үзбей, “Сабахпен” кездесулер арқылы өзін физикалық формада ұстау мүмкіндігін қолданды.
Алғашқы ойын нәтижелі болып, қазақстандық команданың жеңісімен аяқталды. Екі ұжым алма-кезек шабуыл жасап, матчтың бірінші жартысының қорытындысында алаң иелері есепте алға шықты — 27:18, 20:22. Ал үшінші ширек тең деңгейде өтіп, кезең 33:32 есебімен аяқталды. Алайда матч соңына қарай “Астана” ойын тізгінін өз қолына алып, таразы басын өз жағына бұра алды. Қорытынды есеп — 102:110. Жеңіс!
Астаналық команда сапынан Эрик Дэй (31 ұпай, 7 рет допты алу, 5 пас), Роберт Пан (27 ұпай, 5 рет допты алу, 4 пас), Асқар Майдекин (11 ұпай, 6 рет допты алу) мен Александр Жигулин (10 ұпай, 6 рет допты алу) ойынның нәтижелі ойыншылары деп танылды.
Екінші матчта алаң иелері басымдыққа ие болып, үш ширек қорытындысында “Сабах” есепте алда болды — 28:21, 24:20 және 18:17. “Астана” соңғы оң минуттықта ойынға қайта қосылуға тырысқанымен (24:25), алаң иелері өз басымдығын сақтап қалып, жеңіске жетті — 94:83.
“Астана” сапында Александр Жигулин (21 ұпай, 3 рет допты алу, 3 пас), Роберт Пан (19 ұпай, 8 рет доптя алу), Адас Юшкявичюс (12 ұпай, 5 пас) пен Вадим Щербак (11 ұпай) кездесудің үздік ойыншылары деп танылды.
Серия нағыз жолдастық кездесу болып, командалар өзара жеңіс алмасты — 1:1. Енді “Астана” 10-11 сәуір күндері Қазақстан Ұлттық Лигасы тұрақты чемпионатындағы соңғы ойындарын “Каспийге” қарсы өткізеді. Кездесулер “Сарыарқа” велотрегінде өтіп, сағат 19:00-де және 17:00-де басталады.