«Астана Жастар» ойыншылары — CABA U18 іріктеу турнирінің жеңімпазы

14.04.2026, 10:30    Оқылғаны: 14
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстан құрамасы CABA U18 іріктеу жарысының жеңімпазы атанды.

Ташкентте FIBA U18 Men’s Asia Cup Орталық Азия аймағының іріктеу турнирі аяқталды. Жарыс қорытындысында Қазақстан құрамасы бірінші орын алып, осы жылы Қатарда өтетін құрлықтық додада аймақ намысын қорғауға мүмкіндік алды. 

Клуб үшін «Астана Жастар» ойыншыларының ұлттық құрама сапында өнер көрсетуі өте маңызды. Турнирде Саян Мамутов, Санжар Әубәкіров пен Елжан Амантай ел намысын қорғады. 

Саян Мамутов турнирдің ең пайдалы ойыншысы деп танылды. Ол әр ойында орта есеппен 18.3 ұпай еншілеп, 7.3 рет допты алып, 1.6 нәтижелі пас берген. 

Санжар Әубәкіров әр матчта 8.6 ұпай олжалап, 3.6 рет допты алып, турнирдің үздік бестігі қатарына қосылды.

Елжан Амантай әр кездесуде 9.5 ұпай еншілеп, 5.5 рет допты алып, 1.0 нәтижелі пас берген. 

Осылайша, «Астана Жастар» ойыншылары Қазақстан құрамасының FIBA U18 Men’s Asia Cup іріктеуінде жоғары нәтижеге қол жеткізуіне көмектесті.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»