Баскетболшы Гринвилльде (АҚШ) дүниеге келген және өз позициясы үшін керемет антропометриялық көрсеткішке ие — оның бойы — 200 см.
2021/2022 жылдар маусымын ол NCAA-де өткізіп, Atlantic 10 конференциясындағы мықты университеттердің бірі — «Fordham University» сапында өнер көрсетіп, студенттік деңгейде үлкен тәжірибе жинаған.
2022/2023 жылдар маусымында да ол NCAA-де бақ сынайтын «Coppin State University» құрамында ойнап, өзінің деңгейін дәлелдеген.
Өткен маусымда Блю әзербайжандық «Sabah» (Баку) сапында ойнап, шабуылда сенімді ойын өрнегін көрсетіп, EuroCup Basketball-да команданың ТОП-3 ойыншысының қатарына кірді.