Батыс-Азия Супер Лигасының тұрақты чемпионатын аяқтадық
FIBA West Asia Super League топтық кезеңінің соңғы сырт алаңындағы матчында елордалық «Астана» Ливандағы Nouhad Nawfal Sports Complex аренасында сириялық «Әл-Вахдаға» қарсы ойнады.
Екі команда да матч бойы таласқа толы ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлер қос ұжымның да алма-кезек шабуыл алмасқан кездесуіне куі болды. Нәтижесінде номиналды алаң иелері 99:89 есебімен жеңіске жетті.
Ширектердегі есепке тоқталсақ, әр он минуттық 26:29, 21:30, 27:15 және 25:15 есебімен «Әл-Вахданың» пайдасына аяқталды. Сириялық ұжым ойынның екінші жартысының соңынан бастап ойын барысын өзгерте алып, басымдығын сақтап қала алды.
«Астана» сапында ұпай саны бойынша Эрик Дэй көш бастап, дабл-дабл авторы атанды — 23 ұпай, 10 пас пен 4 рет допты алу. Сонымен қатар, Руслан Айтқали (17 ұпай), Асқар Майдекин (15 ұпай, 5 рет допты алу) мен Александр Жигулин (12 ұпай, 7 рет допты алу) нәтижелі ойын өрнегін көрсете білді.
Сириялық клуб құрамында 30 ұпай еншілеп, кездесудің шешуші ширегінде маңызды ойыншыға айналған Фаландо Джонс ерекше көзге түсті.
Қазақстандық ұжым жеңіліс тапқанына қарамастан, турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алған және қазіргі таңда жарыстың келесі кезеңіне дайындық жүргізіп жатыр.