«Астана» сырт алаңда «Әл-Риядимен» кездеседі
11 ақпанда «Астана» Батыс-Азия Супер Лигасы аясында сырт алаңдағы матчтар сериясын жалғастырады. Командамыздың екінші қарсыласы — ливандық «Әл-Рияди». Матч Бейрутте өтіп, Астана уақытымен сағат 23:45-те басталады.
«Астана» үшін сырт алаңдағы екінші матчын өткізеді және бұл жолғы қарсылас осал емес. «Әл-Рияди» — WASL қазіргі чемпионы, Батыс-Азия Супер Лигасының үш дүркін жеңімпазы, сонымен қатар Ливан біріншілігінде 38 рет жеңіске жеткен ұжым. Ливандық ұжым аймақтың үздік баскетбол клубтарының бірі саналады және алдына әрдайым биік мақсаттар қояды.
Кездесулер тарихы
Командалар өзара төрт кездесу өткізген және екі ұжым да екі жеңістен өз есептеріне жазған. Екі ұжымның өзара кездесулердегі есебі — 2:2.
«Астана» алғаш рет «Әл-Риядиді» Final 8 үшінші орны үшін болған матчта 94:90 есебімен жеңген. Одан кейін астаналық команда Final 8 топтық кезеңінде екі рет жеңілген — 69:101 (2024) және 58:93 (2025).
Алайда биылғы маусымда WASL дебюттік маусымын өткізіп жатқан «Астана» ливандық клубты тұрақты чемпионат аясында 86:72 есебімен жеңіп, «Әл-Риядидің» 2023 жылдан бері жалғасып келе жатқан жеңіс сериясын үзді.
Командалар көшбасшылары
«Астана» ойынға жақсы физикалық формада келіп отыр. Команданың шабуылдағы ойынын бастайтын және нәтижелі пас беруде үздік Эрик Дэй (орта есеппен 8.8 пас) мен тәжірибелі Адас Юшкявичюс (орта есеппен бір ойында 17.8 ұпай) «Астананы» алға сүйреп келеді. Команда нәтижесіне ойын қарқынын сақтап, құрамды кеңейте түсетін ойыншылар да маңызды үлесін қосып келеді. Роберт Пан — маңызды ұпай жинаушы және допты алушы ойыншы, оның бұл көрсеткіші командадағы үздік нәтижелердің бірі — 8.8.
«Әл-Рияди» дәстүрлі түрде жұлдызды ойыншылары мен көшбасшыларының жеке шеберлігіне сенім артады. Ливандық клубта агрессияға толы қорғаныс, жоғары жылдамдық пен халықаралық аренадағы бай тәжірибе бар. Мұның бәрі клубты Лигадағы ең қиын қарсыластардың бірі етеді. Пэррин Буффорд — команданың сөзсіз көшбасшы ойыншысы. Ол бір матчта орта есеппен 18 ұпай еншілеп, 7.7 рет допты алады. Ал нәтижелі пас беруде Али Мансур үздік — 5.5.
Алдағы кездесу тартысқа толы болмақ. Себебі, «Астана» биылғы маусымдағы жетістігі жайдан-жай емес екенін тағы да дәлелдеуге тырысып көреді, ал «Әл-Риядидің» басты мақсаты есесін қайтару болады. Ойын Nouhad Nawfal стадионында өтіп, кездесу Астана уақытымен сағат 23:45-те басталады.