«Астана» Батыс-Азия Супер Лигасының турнирлік кестесінде көш бастады!

05.02.2026, 15:00    Оқылғаны: 20
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» матчтың соңғы секундтарында ливандық «Саджесстен» жеңісті жұлып алды.  

4 ақпанда Батыс-Азия Супер Лигасы тұрақты чемпионаты аясында «Астана» мен «Саджесс» кездесті. Астаналық команда сырт алаңда бірден үш матч өткізеді. Алғашқы қарсылас — Ливанның «Саджесс» клубы.   

«Астана» сырт алаңда «Саджесспен» кездесіп, қарсыласынан жеңісті жұлып алды. Газирада өткен ойын овертаймда 104:102 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына аяқталып, «Астана» биылғы маусымдағы қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді. 

Эрик Дэй матчтың қаһарманына айналды. Салқынқанды ойын өрнегін көрсете білетін қорғаушы осы ойында өз есебіне 38 ұпайды жазды. Ал ол өзінің ең құнды соққысын матчтың аяқталуына 2.5 секунд қалғанда орталық аймақтан, дене бітімі өзінен әлдеқайда ірілеу Хаят арқылы жасап, өз командасына алға шығарды. 

Ливандық ұжымның тайм-аут алуға мүмкіндігі болмағандықтан, Хаяттың тек орталық алаңнан дәл соққы жасауы қажет еді. Алайда ол мүлт кетіп, жанкүйерге лық толы Ghazir Club Stadium ұзақ уақытқа дейін өзіне келе алмады. 

Одан соң қазақстандық команданың жұлдызды сәті туып, астаналық ұжым ғаламат камбэк жасай білді. Ойынның негізгі уақытының соңында елордалық баскетболшылар сегіз ұпай айырмашылығымен қарсыласына есе жіберіп тұрған, бірақ ақырында олар турнирлік кестеде көш бастай алды. 

«Астана» тұрақты чемпионат аясында бір рет жеңіліс тауып, бес ойында жеңіске жетіп, аралық нәтижеде «Әл-Риядиді» басып озып, қарсыласының табысын қайталады. Еске салайық, астаналық клуб өткен жылы өз алаңында бұл ұжымды да жеңген еді — 71:62.

«Матчтың қиын болатынын білдік — жанкүйерге лық толы арена, қарсылас өте мықты, сондықтан бәрі ойынның соңында шешілетінін түсіндік, — деп ойынды қорытындылады осы кездесуде өз есебіне 9 нәтижелі пасты жазған Эрик Дэй. — Бірақ, ойынға құрған жоспарды ұстансақ, мақсатымызға жететінімізді білдік». 

Команданың жеңіске жетуіне 24 ұпай еншілеп, 7 рет допты алып, 6 нәтижелі пасты өз есебіне жазған Адас Юшкявичюс елеулі үлес қосты. Ол «Астананың» овертаймда есепте артта қалмауына көмектесіп, тіпті команданы алға шығады — 102:99 (ойынның аяқталуына 24.4 секунд қалғанда).  

Руслан Айтқали өз есебіне 13 ұпай және 5 рет допты алумен толықтырса, Асқар қоржынына 11 ұпай мен 7 рет допты алуды жазды. Майдекин 19 үш ұпайлық соққыны жүзеге асырып, осы көрсеткіш бойынша маусымның жаңа рекордының иесі атанды. 
Оның 13-і Дэй мен Юшкявичюстің үлесіне тисе, команда өзінің өткен жолғы рекордын жаңартты. «Астана» 18 желтоқсанда өз алаңында «Әл-Вахданы» (88:64)қабылдаған кезде 18 үш ұпайлық соққыны жүзеге асырған еді. 

«Астананың» келесі қарсыласы — Батыс-Азия Супер Лигасының қазіргі чемпионы, ливандық «Әл-Рияди». Ойын 11 ақпанда Zouk Mkayel аренасында өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 23:45-те басталады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»