​«Астана» өз алаңына оралады!

01.11.2025, 09:00    Оқылғаны: 7
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» өз алаңына қайта оралады!

«Астана» баскетбол клубы 2025/2026 жылдар маусымы Қазақстан Ұлттық лигасының тұрақты чемпионатындағы алғашқы өз алаңындағы матчтарын өткізеді.

3-4 қараша күндері «Сарыарқа» велотрегінің паркетінде ел чемпионы және биылғы Қазақстан Кубогының иегері — «Каспий» клубы өзара кездеседі. Матчтар сағат 20:00-де басталады.

Маусымаралық кезеңде «Каспий» құрамында айтарлықтай өзгерістер болды. Клуб басшылығы Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Евгений Овсянниковқа сенім білдіріп, оны бас жаттықтырушы қызметіне тағайындады.

Сонымен қатар, командаға «Астананың» бұрынғы ойыншысы Вадим Доц қосылды. «Каспийдің» құрамы дәстүрлі түрде Қазақстан ұлттық құрамасының көптеген ойыншыларынан тұрады.

Маусымның алғашқы төрт ойыны қорытындысы бойынша ең нәтижелі ойыншылар — Владимир Иванов (орта есеппен 19 ұпай) және Максим Марчук (орта есеппен 10 рет допты алу, 6 пас және 3 рет допты тартып алу).

«Астана» да маусым басынан бері тұрақты ойын көрсетіп келеді. Ең нәтижелі ойыншы — Эрик Дэй, ол орта есеппен әр матчта 18 ұпай жинап, 7 пас береді. Допты ең көп алушы — Руслан Айтқали, оның көрсеткіші — ойын сайын орта есеппен 6,25 рет.

Кездесулер тарихы

«Астана» мен «Каспий» бір-бірімен өзара 63 рет кездескен, оның 57-сінде астаналық командада жеңіске жеткен. Алайда Қазақстан Кубогының жартылай финалында «Каспийден» жеңілу командаға әсер етпей қоймады. Алдағы ойындар «Астана» үшін кеткен есесін қайтаруға тамаша мүмкіндік болмақ.

Команда тұрақты чемпионаттағы жеңісті сериясын жалғастырып, турнирлік кестедегі позициясын нығайта түсуді көздейді.
«Каспий» екі рет «Алматинский Легионнан», екі рет «Барсы Атыраудан» жеңілген.

«Астана» барлық жанкүйерін маусымдағы алғашқы өз алаңындағы матчтарда қолдау көрсетуге шақырады!

Өтетін күні: 3-4 қараша
Басталуы: 20:00
Өтетін орны: «Сарыарқа» велотрегі

Билеттерді біздің ресми сайтымыздан сатып алуға болады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»