«Астана» Ұлттық Лига тұрақты чемпионатын жеңіспен бастады!

20.10.2025, 15:00    Оқылғаны: 36
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Қазақстан Ұлттық Лигасы жаңа маусымын Атырауда бастап, қос жеңіске қол жеткізді. Ойындар 18-19 қазан күндері өтті.

Алғашқы кездесуді астаналық баскетболшылар сәл сенімсіздеу бастағанымен, ойын тізгінін өз қолына және бақылауына ала білді. Бірінші ширектің қорытындысында «Астана» айқын басымдық көрсетті – 13:28. Екінші және үшінші он минуттықтарда командалар алма-кезек шабуыл алмасып, кезеңдер бір ұпай айырмашылығымен аяқталды – 19:21 және 15:14. Алайда қорытынды ширекте Рамунас Цвирка шәкірттері тағы да басымдық танытты – 14:24. Осылайша, «Астана» қорытынды 61:87 есебімен маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

25 ұпай еншілеп, 6 рет допты алған Роберт Пан кездесудің үздік ойыншысы атанды. Астаналық ұжымның жаңа ойыншысы Эрик Дэй де өзін жақсы қырынан көрсете білді – 23 ұпай, 3 рет допты алу мен 6 пас. Үздік үштікті Асқар Майдекин түйіндеді – 13 ұпай және 5 рет допты алу.

Екінші ойында «Астана» алғашқы кездесуден де сенімді ойын өрнегін көрсетті. Елордалық ұжым барлық төрт ширек бойы кездесуді өз бақылауында ұстады – 12:25, 19:28, 22:24, 11:22.
Дабл-дабл (22 ұпай, 10 пас) жасаған Эрик Дэй тағы да команданың матчтағы үздік ойыншысы атанды.

«Астананың» барлық дерлік ойыншысы осы кездесуде ұпай еншіледі. Олардың арасында ерекше нәтиже көрсеткендер:
Роберт Пан – 16 ұпай, 3 рет допты алу, 2 пас
Адас Юшкявичюя – 11 ұпай, 5 пас, 3 рет допты алу
Александр Жигулин – 10 ұпай, 5 рет допты алу, 4 пас
Асқар Майдекин – 9 ұпай, 7 рет допты алу, 3 пас

Рамунас Цвирка шәкірттері Атырауда екі сенімді ойын өткізіп, маусымдағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.
«Астана» сырт алаңдағы сапарын жалғастырып, 26-27 қазанда «Тобылға» қарсы ойнайды.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»