Келесі аялдама – Қостанай!

24.10.2025, 16:00    Оқылғаны: 29
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Қостанайда Қазақстан Ұлттық Лигасы аясында жергілік команда – «Тобылға» қарсы екі матч өткізеді. Қостанайлық ұжыммен кездесулер 26-27 қазан күндері «Қостанай» спорттық ойын-сайық кешенінде өтеді. 

Екі команда да жаңа маусымдағы екінші ойын серияларын өткізеді. Бұған дейін елордалық ұжым сырт алаңда екі рет «Барсы Атырау» командасын жеңді – 61:87, 64:99. Ал «Тобыл» болса, «Алматинский Легион» командасынан екі ойында да жеңіліс таптыы (95:58, 105:60). 

Командалардың көшбасшы ойыншылары

«Тобыл» маусым басында бірқатар кадрлық қиындықтармен бетпе-бет келді. Команданың көшбасшы ойыншылары – Шаим Қуанов пен Антон Быков алдағы апталарда жарақаттарына байланысты матчтарға қатыса алмайды. Сондықтан да қостанайлықтар құрамына Ұлттық Лигаға енді-енді бейімделіп келе жатқан жас ойыншыларды қосты. Қазіргі таңда «Тобылдың» ең үздік ойыншысы – Әділбек Битенов. Ол әр ойында орта есеппен 22 ұпай еншіліп, 2.5 пас береді және 2 рет допты тартып алады. 

Ал «Астана» сапында көшбасшы ойыншы рөлін Эрик Дэй атқарып келеді. Оның есебінде 22.5 ұпай, 8 пас пен 1,5 допты тартып алу бар (бір ойында орта есеппен).
Ал допты алу бойынша астаналық команда сапында Александр Жигулин (орта есеппен 6.5), ал қостанайлықтарда – Рамиль Уразбаев (4) көш бастап келеді. 

Кездесулер тарихы

Командалар өзара 52 рет кездескен, олардың 45-інде «Астана» жеңіске жеткен. Соңғы рет екі ұжым Ұлттық Лиганың өткен маусымының жартылай финалында кездесіп, онда астаналық клуб өз алаңында қарсыласын 84:65 есебімен, ал жалпы серияда 3:0 есебімен жеңіске жеткен. 

Вадим Щербак, «Астана» БК шабуылшысы: 

- Қостанайдағы ойындарға бару әрдайым қуаныш сыйлайды, себебі туған жерім. Жұмыс қалыптасқан тәртіппен жүріп жатыр, жоспарымыз дайын, бапкер тапсырма берді. Қарсылас құрамында жарақат алған ойыншылар бар екенін білеміз, бірақ біз үшін бұл маңызды емес. Бізге жеңіс керек.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»