«Астананың» қос командасы Қазақстан Кубогына қатысады 

13.09.2025, 18:00    Оқылғаны: 28
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Биыл Қазақстан Кубогы 15-20 қыркүйек күндері Атырауда өтеді. Биыл Қазақстан Кубогы 15-20 қыркүйек күндері Атырауда өтеді.

«Астана» Атырауда 2025 жылғы Қазақстан Кубогына таласады!

Биыл турнирге «Астана» КБК жүйесінің екі ұжымы — негізгі және жастар командалары қатысады. Олардан бөлек жарыста тағы алты клуб бақ сынайды, қатысушылар екі топқа бөлінген. 

Топтық кезеңде «Астана» «Champ1on», «Барсы Атырау» және «Барсы Атырау-2» командаларына қарсы ойнайды. 

Ал «Астана-Жастардың» топтық кезеңдегі қарсыластары «Алматинский Легион», «Тобыл» мен «Каспий» командалары. 

Ойындарды біздің сайтымыздан және NBF YouTube-арнасынан тікелей эфирде көруге болады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»