«Астана» КБК бас директоры FIBA Техникалық делегаты және Комиссары өкілеттігін 2029 жылға дейін растады

07.09.2025, 11:00    Оқылғаны: 263
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» кәсіби баскетбол клубының бас директоры Самсон Геворгович Аракелян жаңа Олимпиадалық кезеңге — 2029 жылдың 31 тамызына дейін Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) Техникалық делегаты және Комиссары өкілеттігі лицензиясын ұзартты. 

Ол комиссар және делегат ретінде тағайындалған FIBA Intercontinental Cup турнирі қыркүйекте Сингапурда өтеді. Халықаралық баскетбол федерациясы клубтар арасындағы әлем чемпионаты ретінде де танымал бұл жарыс FIBA бес құрлықтық конфедерациясы бес чемпион командасының, сондай-ақ NBA G League өкілінің басын қосады. 

Еске салайық, осы жазда Самсон Аракелян 19 жасқа дейінгі жастар арасында Швейцарияда өткен әлем чемпионатының жартылай және финалдық матчтары комиссары ретінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды! Халықаралық аренадағы мансабыңызға толағай табыс пен сәттілік тілейміз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»