Спорт күні «Астана» кәсіби баскетбол клубымен бірге: балаларға арналған шеберлік сағаты мен жолдастық матч
17 тамызда «Астана» баскетбол клубы «Ақмола облысы білім басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» тәрбиеленушілеріне, сондай-ақ «Auyl Sport» жобасына қатысатын балаларға арнап шеберлік сағатын ұйымдастырды.
Әлеуметтік акция «Астана» КБК серіктесі — «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ қолдауымен өткізілді.
Акция аясында «Астана» БК бапкері Антон Пономарев пен «Астана-Жастар» командасының ойыншылары — Асқар Серімбет, Абылайхан Жандарбек, Михаил Чопов, Ислам Джарекеев пен Санжар Әубәкіров Қажымұқан ауылына барды. Жергілікті дене шынықтыру-сауықтыру орталығы базасында спортшылар балалармен бірге дене қыздыру жаттығуын жасап, баскетболдан шеберлік сағаты мен жолдастық кездесу өткізді.
Шара Қазақстан Республикасының Спорт күніне орай ұйымдастырылды.
Бағдарлама Антон Пономаревиің сөз сөйлеуімен басталып, одан соң Асқар Серімбет барлық қатысушыларға арнап дене қыздыру жаттығуын көрсетті және ойынға дайындық бойынша кеңестермен бөлісті. Одан кейін жас спортшылар баскетбол негізімен танысқан шеберлік сағаты өтті. Бағдарлама соңында 3х3 форматында жолдастық кездесу өтіп, онда «Auyl Sport» жобасының қатысушылары жеңіске жетті.
«Астана» БК бұқаралық спортты дамыту және балалар мен жастар арасында баскетболды кең танытуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды белсенді жүзеге асыруды жалғастыра береді.