Медициналық тексеріс нәтижесінде барлық ойыншыларға оқу-жаттығу жиындарына қатысуға рұқсат берілді.
2025/2026 жылдар маусымында «Астананың» бас бапкері қызметін Рамунас Цвирка атқарады. Оған литвалық маман Дэйнюс Шаленга мен Антон Пономарев көмектеседі. Команданың жалпы дене жаттығуына Владимир Кучеренко жауапты.
Команда құрамына бұған дейін «Астана» намысын қорғаған Александр Жигулин мен Роберт Пан қайта қосылды. Руслан Айтқалимен және Валерий Симоновпен келісімшарт мерзімі ұзартылды.
Антон Пономарев, «Астана» бас бапкерінің көмекшісі:
— Оқу-жаттығу жиынының алғашқы күні жақсы өтті. Жігіттерді жаттығу процесіне тарту мақсатында орташа қарқында жұмыс істедік. Команда жақсы қалыпта: барлық — кәсіби ойыншылар, жаз бойы физикалық формаларын сақтап, жаңа маусымға дайындық жүргізген. Әзірге толық құрамда жиналған жоқпыз, алайда бәрінің жаңа белестерді бағындыруға дайын екендеріне сенімдімін. ОЖЖ арналған жоспар жалғыз — жұмыс істеу, ерінбей еңбек ету!